B04.039

Комплекс айнымалы функциялар теориясы және операциялық есептеу

Course ID
B04.039
Campus
32 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
7
Credit
6
Method

Мазмұны

Мақсаты: студенттерді операциялық есептеудің қазіргі заманғы теориясының негізгі әдістерін үйрету, олардың ой-өрісін, логикалық және алгоритмдік ойлау қабілеттерін дамыту. .Курс комплекс облыстағы функцияларды зерттеу әдістерін дамытуға және осы әдістерді математикалық талдау есептеріне қолдануға бағытталған. Теориялық материал келесі бөлімдерден тұрады: комплекс айнымалы функциялар, қалыңдылар теориясы, конформды бейнелеу, Лаплас түрлендіруі, операциялық есептеудің қолданылуы.

Оқыту нәтижелері

комплекс айнымалы функция мен оперциялық есептеудің негізгі анықтамалары мен теоремаларды анықтайды, мысалдар келтіреді; есептерді шығаруда комплекс айнымалы функция мен оперциялық есептеудің негізгі түсініктері мен теоремаларын қолданады; комплекс және нақты айнымалы функциялардың өзара байланысын талдайды, оқытылатын пәндердің педагогикалық және әдістемелік негіздерінің байланысын көрсетеді; қолданбалы есептерді шешудің әртүрлі әдістерін салыстырады; қорытынды жасайды; практикалық ұсыныстарды жинақтайды, негізгі тұжырымдар мен теоремаларды дәлелдейді; математикадан алған білімдерінің көмегімен әр түрлі есептерді шешудің нәтижелерін бағалайды және салыстырады.