B04.029

Элементарлық математика 1

Course ID
B04.029
Campus
32 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
1
Credit
4
Method

Мазмұны

Пәннің мақсаты: студенттердің мектеп математика курсының бағдарламасына сәйкес жалпы математикалық мәдениетінің деңгейін көтеру. Пәнді оқыту білім алушыларды негізгі математикалық пәндерді оқып үйренуге дайындауға бағытталған. Пәннің мазмұны: арифметика элементтеріне шолу; алгебралық және трансцендентгік өрнектерді түрлендірулер; алгебралық теңдеулер мен теңсіздіктер және олардың жүйелері; трансценденттік теңдеу мен теңсіздіктер және олардың жүйелері.

Оқыту нәтижелері

арифметикалық амалдарды орындауды, математикалық талдаудың бастамаларын, комбинаторика, функциялардың графиктері мен қасиеттерін зерттеуді, рационал, иррационал, трансцендент және алгебралық теңдеулер мен теңсіздіктерді және олардың жүйелерін шешуді, негізгі аксиома мен теоремаларды қолданып дәлелдеу жолдарын, геометрияның негізгі теоремаларын, аксиомаларын түсіндіреді; теориялық қағидаларды мектеп математика курсының есептерін шығаруда қолдану іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, өмірде кездесетін практикалық жағдайларда математикалық әдістерді қолдану, математикалық түрде қалыптасқан есептерді шешу және зерттеу әдістерін, геометрияның теоремаларын қолданады; математикалық және геометриялық есептерді шығаруда тиімді әдістерді анықтау үшін әртүрлі тәсілдерді талдайды; оқу және тәжірибелік проблемаларды шешу, арифметикалық алгоритмдерді пайдалану, геометриялық салулар мен математикалық зерттеулер жүргізу қабілеттерін жинақтайды; мектеп алгебрасы бөлімдерінің негізгі түсініктерін сипаттайды.