B04.024

Математикалық модельдеу

Course ID
B04.024
Campus
32 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
6
Credit
5
Method

Мазмұны

Пәннің мақсаты білім алу және математикалық модельдерге сәйкес есептерді шығарудың сандық әдістерін жүйелік және толық таңдаудың негізгі қағидаларымен студенттерді таныстыру. Сызықтық және сызықтық емес бағдарлама есептерінің модельдерін құру, олардың максимум және минимум мәндерін табу, қосалқы, көлік, бүтін санды бағдарламалау және ойын теориясының есептерін шешіп, математикалық статистика элементтерімен танысу болып табылады.

Оқыту нәтижелері

сызықты және сызықты емес бағдарламалау есептері мен негізгі теоремаларын сипаттайды; амалдарды зерттеудің тектік модельдерін математикалық бағдарламалау есептері түрінде өз бетімен құрастырады; ғылыми-техникалық ақпаратты қолданудың мәнін түсінеді және қолданбалы есептерді шешуде жүйелік әдіс пен математикалық әдістерді қолданады; әртүрлі бастамалар мен пікірлерді оқу және талдау арқылы жеке тұжырымдарын қалыптастыру мақсатында АКТ-ның даму беталысын зерделейді; сызықты бағдарламалау есептеріне қолдану барысында АКТ артықшылытары мен кемшіліктерін салыстырады және бағалайды; кәсіби қызмет аясында математикалық мәселелерді шешеді, ғылыми тұжырымдар жасайды.