B04.018

Дифференциалдық теңдеулер

Course ID
B04.018
Campus
32 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
7
Credit
5
Method

Мазмұны

Пәннің мақсаты студенттердің теориялық білімдерін, қарапайым дифференциалдық теңдеулер саласындағы практикалық дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Курс дифференциалдық теңдеулерді шешудің аналитикалық, сапалық және асимптотикалық әдістерімен танысуға арналған. Пәнді оқу жеке туынды теңдеулерді меңгеру үшін қажетті бірінші және жоғары ретті теңдеулердің жекелеген типтерін интегралдау әдістерін зерттеуге бағытталған.

Оқыту нәтижелері

дифференциалдық теңдеулердің негізгі ұғымдары мен анықтамаларын, 1-ші ретті және жоғарғы ретті дифференциалдық теңдеулерді интегралдау әдістерін, дифференциалдық теңдеулердің шешімінің бар болуы туралы теореманы біледі және түсінеді; бірінші ретті және жоғарғы ретті дифференциалдық теңдеулерді, Коши есебін шешуде интегралдау әдістерін меңгереді және қолданады;
бірінші ретті және жоғарғы ретті дифференциалдық теңдеулерді интегралдау, дифференциалдық теңдеулерді зерттеу дағдылары қалыптасады; кәсіптік іс әрекетінің мақсатын анықтауда өзінің жалпымәдениеттік және жалпызияткерлік деңгейін жетілдіруге, дамытуға; білімдік, кәсіптік міндеттерді, заманауи мәселелерді шешуде ғылым мен білімді пайдалануға дайын болуға; өз жұмысын ғылыми негізде ұйымдастыру, оның нәтижесін өз бетімен бағалау, зерттеу жұмыстарына жетекшілік ете білуге; заманауи технологияларды қолданып әртүрлі ақпараттарды қабылдай және өңдей білуге құзыретті болады; алынған нәтижелерді дұрыс бағалайды және салыстырады.