B04.013

Комплекстік талдау

Course ID
B04.013
Campus
32 мкр.
Level
Бакалавриат
Semester
7
Credit
6
Method

Мазмұны

Пәннің мақсаты: білім алушыларда комплекс айнымалы функциялардың теориясының негізгі түсініктері және оның әдістері мен нақты талдаумен, сонымен қатар басқа математикалық пәндермен өзара байланысы туралы түсініктерді қалыптастыру. Пән комплекс айнымалы функция, оны дифференциалдау және интегралдау, аналитикалық функциялар, қатарлардың жіктелуі, қалындылар теориясын оқытуға бағытталған.

Оқыту нәтижелері

комплекс айнымалы функцияның негізгі анықтамалары мен теоремаларды анықтайды және мысалдар келтіреді; есептерді шығаруда комплекс айнымалы функцияның негізгі түсініктері мен теоремаларын қолданады; комплекс және нақты айнымалы функциялардың өзара байланысын талдайды, оқытылатын пәндердің педагогикалық және әдістемелік негіздерінің байланысын көрсетеді; қолданбалы есептерді шешудің әртүрлі әдістерін салыстырады; қорытынды жасайды; практикалық ұсыныстарды жинақтайды, негізгі тұжырымдар мен теоремаларды дәлелдейді;
математикадан алған білімдерінің көмегімен әр түрлі есептерді шешудің нәтижелерін бағалайды және салыстырады.