Новости

Category

Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығы мемлекеттік мекемесі қала күніне орай жастарды қоғамдық өмірге тарту, спортқа баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында өңірдегі жоғары жəне арнайы техникалық оқу орындары білім алушылары арасында шағын футболдан жарыс өткізді. Жарысқа қатысқан 15 команда арасынан Yessenov University командасы оқ бойы озық шығып, жүлделі I орынды иемденді. Жеңімпаздарға жеңістеріңіз құтты болсын...
Read More
Қазақстан халқы тілдерін дәріптеу, мемлекеттік тілдің мәртебесін және қоғамдағы орнын көтеру, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарау және университетте оқитын өзге ұлт өкілдері студенттер арасындағы достық пен бірлікті нығайту мақсатында Yessenov University “Орыс филологиясы” кафедрасының ұйымдастыруымен «Менің Қазақстаным» атты Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі өтті. Фестивальде әр ұлт өкілі ана тілдерінде өз өнерлерін көрсетті. Әр ел өз тілі...
Read More
18-қыркүйек күні Yessenov University «Бизнес және құқық» факультетінде Ақтау қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулдығының қолдауымен «Парсы тілін үйрену және Иран мәдениетімен танысу» кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Бұл көршілес Иран Ислам Республикасының мәдениеті мен тарихын, тілі мен дәстүрін университеттің білім алушыларына таныстырып, насихаттаумен қатар Каспий маңы мемлекеттерімен ынтымақтастықты одан әрі дамыту бағытындағы алғашқы қадамдардың бірі...
Read More
Корей тілі курсының жаңа семестріне тіркелу қызу өтіп жатыр! Тіркеу кезеңі: 2019 ж. 9-23 қыркүйек аралығында Жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін (түскі үзіліс 12:30-14:00). 8-сыныптан 100 жасқа дейін қабылдаймыз! Бағасы: 1 семестр (4 ай) – 20.000 тг Өзіңізбен бірге: фото 3*4 – 2 дана, жеке куәлік көшірмесі (күні. рожд туралы.) болу керек. Біз: Yessenov University,...
Read More
12-қыркүйек күнi «Бизнес жəне құқық» факультетінің «Халықаралық қатынастар жəне туризм» мамандығының 4 курс студенттері Құрық теңіз портына барды. Халықаралық қатынастар студенттері теңіз портының жұмысымен алғаш рет танысты. Болашақта біздің университет пен Құрық теңіз порты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарлануда, соның негізінде ынтымақтастықты кеңейтіп, студенттердің өндірістік тəжірибесін ұйымдастыруға мүмкіндік туады.
Read More
Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов Теңіз Академиясының студенттерімен дәстүрлі кездесу өткізді. Студенттер конвенциялық дайындық курстары, теңіз мамандықтары бойынша қос диплом бағдарламасы, шетелдік академиялық ұтқырлық, университеттің спорт секцияларына жазылу мәселелері бойынша қызығушылық танытты. Олар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.
Read More
13-қыркүйек күні Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов Теңіз Академиясының профессор-оқытушылар құрамымен кездесті. Кездесу барысында жабдықтарды жаңарту, жүзу практикасы, конвенциялық дайындық курстар бойынша оқыту мәселелері талқыланды.
Read More
«Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссия туралы» Ереженің бекітілуіне байланысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің әкімшілік басқармасының басшысы Ербол Көбейсінұлы Жұмабай мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің әкімшілік басқармасының жетекші маман Хакимбек Аймырадұлы Атадусов 35 жастан аспаған профессорлық-оқытушылық құраммен және магистранттармен түсіндіру жұмыстарын...
Read More
Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов “Инжиниринг” факультетінің студенттерімен дәстүрлі кездесу өткізді. Студенттерді жасанды интеллект, цифрландыру, шетелдік академиялық ұтқырлық мәселелері қызықтырды. Негізгі тақырыптардың бірі студенттердің стартаптарын іске асыру болды. Студенттер қызығушылық тудырған сұрақтарға толық жауап алды.
Read More
12-қыркүйек күні Yessenov University ректоры Берік Бақытжанұлы Ахметов “Инжиниринг” факультеттің оқытушылар құрамымен кездесті. Кездесу барысында факультеттің алдында тұрған мәселелер талқыланып, дуальды оқыту, компьютерлік бағдарламаларды жаңарту, өндіріс орындарында кафедралар филиалын құру, академиялық адалдық және Yessenov University-де инженерлік мамандықтар бойынша оқыту сапасын арттыру мәселелері көтерілді.
Read More
1 72 73 74 75 76 133