«Білім, ғылым және техникадағы Инновациялық технологиялар: мәселелер, үрдістер, перспективалар»

27.04.2021 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мен Қазан ұлттық технологиялық зерттеу университетінің ұйымдастыруымен UXiship (ЖОО-ның білім беру бағдарламаларында пәнаралық модульдік курстар көмегімен стартаптарды дамыту бойынша акт-мамандықтары студенттерінің құзыреттілігін жандандыру) халықаралық жобасы аясында «Білім, ғылым және техникадағы Инновациялық технологиялар: мәселелер, үрдістер, перспективалар» тақырыбында онлайн форматта дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға Ш.Есенова атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті, Қазан ұлттық техникалық зерттеу университеті, AlmaU, Солтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университеті қатысты.