БАҚ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ РӨЛІ ЖӘНЕ ӘСЕРІ

2022 жылдың 7 желтоқсанда Yessenov  University «Бизнес және құқық» факультеті “Құқықтану” кафедрасының профессор м.а., PhD докторы Джумабекова Роза Аманқызы 1 курс ағылшын тобы студенттерімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері пәні бойынша «The role and influence of media in anti-corruption field» тақырыпта мастер-класс өткізді.

 

 Сабақ «корреспондент» атты ойын күйінде өткізілді. Сабақтың мақсаты: сыбайлас жемқорлықпен күресу барысында медианың алатын орны, маңыздылығы және де жемқорлықпен  күресу кезінде болатын қиындықтарды талқылау және олармен күресу жолдарын нығайту.

 

Мастар классқа университет басшылығы мен Құқықтану кафедрасының ұжымы қатысты. Білім алушылар сұрақтар қойып, тұшымды жауаптарын алды.