Алшанов Рахман Алшанұлымен кездесу

Yessenov University-де экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Тұран» университетінің негізін қалаушы әрі ректоры, ЖОО қауымдастығының төрағасы, Yessenov University Құрметті профессоры Алшанов Рахман Алшанұлымен кездесу өтті. Кездесуге университет ұжымы және студенттер қатысты.

Мәртебелі мейманды құрметпен қарсы алған Yessenov University президенті Берік Ахметов ғылыми кеңестің шешімімен білім мен ғылымды дамытудағы үлесі үшін Алшанов Рахман Алшанұлын академик Ш.Есенов атындағы медальмен марапаттады.

Автордың өз қолымен Yessenov University кітапханасы қорына тапсырылған сол кітап бойынша студенттер арасында эссе жазу байқауы ұйымдастырылған болатын.

Байқау нәтижесінде үздік үш автор: Қамар Батырханова (І орын, 50 000 теңге)

Бағдаулет Утегенов (ІІ орын, 30 000 теңге)

Нұршат Құлмағанбетова (ІІІ орын, 20 000 теңге) 

жеңіске жетіп, сертификаттар мен қаржылай сыйлықтарға ие болды.

Кездесудің екінші жартысы сұрақ-жауапқа ұласып, студенттер Рахман Алшанұлына қойған түрлі сауалдарына тиесілі жауаптарын алды.