«Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбында Адалдық сағаты

7 қыркүйек күні Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналып, Алаш қайраткері, ақын, ұлттық жазудың реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына байланысты «Ахмет Байтұрсынұлы – адамдық пен білім диқаншысы» тақырыбында «Адалдық сағаты» өткізілді. 

Кездесу барысында ұлы тұлға жайында сілтеме бойынша арнайы бейне- ролик көрсетіліп, студенттердің назарына ұсынылды. 

Сонымен бірге, Адалдық сағаты барысында Маңғыстаулық ұлтжанды зейнеткер, спортшы, еңбек ардагері Қажымұрат Сейілханұлының тағылымды өмір жолы туралы да студенттерге  сөз қозғалып, арнайы түсірілген бейне-роликтің көрсетіліммен кездесу жалғасты.

Шараға қатысқан білім алушы жастар сұрақтарын қойып, толық жауаптарын алды.