Маңғыстау станциясы көліктегі полиция бөлімімен бірлескен танымдық кездесу

Yessenov University-де «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Көліктегі полиция бөлімімен бірлескен танымдық кездесу өтті. Іс-шараға университетіміздің Инжиниринг факультетінің 2, 3 және 4-курс студенттері қатысты

Кездесуді факультеттің тәрбие ісі және қоғаммен байланыс жөніндегі вице-деканы Қонысов Ақылбек Жұматайұлы мен Маңғыстау станциясы Көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырды

Кездесу спикерлері:

  • Қуанов Нұр Дағысұлы — полиция ардагері;
  • Кеңесова Әсима Базарбайқызы — кадр жөніндегі инспектор, полиция аға лейтенанты;
  • Тойлыбаева Әсем Курбанбайқызы — әкімшілік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты;
  • Зиуатдин Құдайберген Нзаратдинұлы — криминалдық полицияның жедел уәкілі, полиция капитаны.

Шара барысында ішкі істер органдарындағы қызметтің ерекшеліктері, полиция мамандығының қоғамдағы рөлі, кадрлық іріктеу талаптары мен мансаптық өсу мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді

Студенттермен ашық диалог орнап, құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениет пен заңға құрмет қалыптастыру мәселелері көтерілді

Мұндай кездесулер жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, құқық қорғау саласына деген қызығушылығын оятады