Қазақстан республикасы президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев маңғыстау облысының жастары және студенттерімен кездесті

10 қараша күні Yessenov University-де Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев студенттермен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген бағыттар бойынша өңір жастарының пікірін тыңдау және кері байланыс орнату.

Кездесуге студент жастар, жастар ұйымдарының өкілдері және мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Кездесу барысында Мәлік Нұржанұлы университет студенттеріне Президент Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіріп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Студенттер еліміздің даму стратегиясы, жастардың қоғамдағы рөлі және жасанды интеллекттің болашағы туралы сұрақтар қойып, мазмұнды пікір алмасу жүргізді.

Осындай кездесулер жас мамандарды елдің дамуына үлес қосуға ынталандыратын маңызды алаң болып табылады.