6 қараша күні Ақын Айт-Ман Светқали Нұржанның «Баба-Дала — Бал-Бал-Жыр» шығармашылық кеші Yessenov University-де өтті.
Қазақ поэзиясының терең тынысын сезінген ерекше кеш…
Светқали ағамыз студенттермен еркін әңгіме-дүкен құрып, өлеңнің, сөздің, рухтың мәні туралы ойларымен бөлісті. Студенттер өз сұрақтарын қойып, ақынның жүректен шыққан жауаптарын тыңдады.
Кешке ерекше әуез қосқан әншілер:
Айгүл Құбаш, Жоламан Көшкінов, Есенбай Құли
және домбыра күмбірін әуелеткен Әлия Қарамұхан болды.
Студенттер ақынға арнаған өз жырларын оқып, Ұстаз сөзге деген құрметін сездірді.
Шабыт. Жылулық. Рухани тыныс.
Осы кештен бәріміз өзімізге бір ауыз өлең алып қайттық.