7 қазанда Yessenov University студенттеріне Astana Hub халықаралық технопаркі 5 000 000 теңге сыйлық қоры бар «Startuporda» жобасының аясында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

7 қазанда Yessenov University студенттеріне Astana Hub халықаралық технопаркі 5 000 000 теңге сыйлық қоры бар «Startuporda» жобасының аясында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шараның ашылу барысында, “Бизнес және құқық” факультетінің деканы Айжан Игиликовна Омарова барлық қатысушыларға стартап жобаларды жазуда шығармашылық және инновациялық идеялар тілей отырып, құттықтау сөзін сөйледі. Каспий кәсіпкерлік орталығының меңгерушісі Л.А. Асырова «Startuporda» инновациялық жобасына қатысу ережелерінін түсіндіріп өтті.
Шарада студенттер Б.А. Мұхаммед, Н.Б. Сатыбалдыев, С. Ы. Класова және олардың жетекшісі жетекшісі Г. С. Жилкишбаева «Luminarium» (жылытылатын орындық) студенттік стартап жобасының сәттілікке жетуі жөнінде тарихын баяндады. «AstanaHub» өкілі Айгерим Мажтай «Startuporda» жобасының басталғанын жариялап, Astana Hub, Jas Ventures және Tumaris tech инкубациялық және акселерациялық бағдарламаларының түлегі Анеля Русланқызы өзінің стартап жолы жөнінде айтып берді. Осылайша, шара өте қызықты, танымды, креативті болып өтті.
«Startuporda» инновациялық жобасы тіркелу басталғанына орай, қатысуға ниет білдірген студенттерді https://t.me/startupordaaqtau сілтемесі арқылы өтуге шақырамыз. Барлық сұрақтарыңызға жауап алу үшін Есенов универстітінің Е-104 аудиториясына (Каспийский центр предпринимательства) келіңіздер.