4 маусым күні сағат 15:00-де Zoom платформасында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары» атты онлайн семинар өтеді.

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары» онлайн семинар міндеті: Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясындағы өзгерістермен таңыстыру; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және құқық бұзышылықтарға мүлдем төзбеушілікті насихаттау.
Семинарға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының м.а. Каныбеков Серик Маханбеталиевич, «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Тоқышев Қайыржан Ахметбекұлы, Облыстық білім беру басқармасының басшысы Сейдалиев Асқар Абиевич, Yessenov University оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор Макулов Қайырбек Қалданбекович қатысады.