Әлеуметтік қолдау көрсету және жастарды дамыту

Университетімізде ақпан айының 9 жұлдызы күні  Қазақ елінің ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық  мерей тойына орай  «Шоқжұлдыз» поэзия клубының ұйымдастыруымен «Мұқағали өлеңдері» атты пожзия сайысы болып өтті. Сонымен қатар Инжиниринг  факультеті белсенді студенттері жанынан құралған «Шоқжұлдыз» пожзия клубының тұсау кесер рәсімі болып өтті. Өзінің жылы лебізін білдіріп, поэзия клубының болашағы жарқын болсын тілегін айтып Әлеуметтік қолдау көрсету және жастарды дамыту басқарма басшысы Аслан Тұрлыбек ағамыз сөз сөйлеп өтті.

Мұқағали Мақатаев 90 жылдығына арналған үлкен ауқымда өткізілген сайысымызға барлық факультеттерден сонымен қатар университет жанындағы колледжімізден барлығы 20 дан аса студент қатысуға ниет білдірді. 

Данышпан Қазақ халқы ақынға кенде болған емес. Поэзия әлеміне көз салсақ қазақ халқының арман-мұраты, шаттығы мен қайғысы ең алдымен ақын жүрегіне жиналған, ақын өлеңдеріне арқау болған. Сайыс болғасын оның ақ-қарасын  ажыратар әділқазылар алқасының болатыны белгілі. Әділқазылар алқасының құрамында:

Әлеуметтік қолдау көрсету және жастарды дамыту басқарма басшысы Аслан Тұрлыбек

«Әлеуметтік қолдау көрсету және жастарды дамыту» басқармасы маманы Әбдиева Арайлым

Қазақстан халықтар ассамблеясы кафедрасының аға оқытушысы Міржақып Бағдатұлы болды. Олар барлық қатысушылардың өнерін Шығарманы оқудағы шеберлігіне, киім үлгісіне, өлеңдер тізімінің қаншалықты көптігіне қарап баға берді.

Сайыстың басты мақсаты қатысушыларымыз Мұқағали атамыздың кем дегенде 5 өлеңін жатқа білуі тиіс болды. Қатысушылар тізімі төмендегідей болды.

Бисенбаева Айдана

 

Набидолла Аружан 

 

Джайлыбаева Айсұлу

 

Абдыгалиева  Лаура 

 

Мухамметджеев  Ерлан 

 

Әбубүкір  Перизат  Бақытжанқызы

 

Бітімбаева  Жаннат  Қасымқызы

 

Сапар  Айжан  Рзабекқызы

 

Сартбаева  Сұлушаш               

 

Тәжімұратова  Арай

 

Бердиханова  Гүлзира

 

Бекболатова  Айдана

 

Абиев  Көбейсін  Бердигалыевич

 

Мурадов  Жандос  Нуржанович

 

Кумусбаева  Қарлығаш

 

Орынбаев  Амандық

 

Ақораз  Қайсар  Жарасұлы

 

Кабулов  Муса  Маратулы

 

Бітімбаева Жаннат Қасымқызы

 

Қарасай Әлия

 

Көмекова Айкөркем Өмірбайқызы

 

Макишова Альбина Егімбайқызы

 

 

Сайыс тартысқа түскені соншалықты әділ-қазы алқалары ІІ орын және ІІІ орынға талас болып екі қатысушыға қатар орындарды беруге тура келді. Атап айтар болсақ: І орынды Қарасай Алия, ІІ орынды Орынбаев Амандық пен Макишова Альбина бөліп алса, ІІІ орынды Әбубәкір Перизат пен Джайлыбаева Айсұлу қанжығаларына байлаған болатын. Қалған қатысушылар өнегелі өнер көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды. Алдағы уақыттарда Шоқжұлдыз поэзия клубының ұйымдастыруымен поэзиялық арыстар көптеп болатынына сеніміміз мол.