«Әлеуметтік қолдау көрсету және жастарды дамыту» басқармасының ұйымдастыруымен «Би әлемі» жобасы  

Ақпан айының 15 жұлдызы күні Университет белсенді жастарын ортақ идея аясында біріктіріп, достықты қалыптастырып тәжірибе алмасу мақсатында «Әлеуметтік қолдау көрсету және жастарды дамыту» басқармасының ұйымдастыруымен «Би әлемі» жобасы болып өтті.

Аталмыш сайыс ІІІ турдан тұрады, алғашқы тур «Патриоттық би» сайысы бойынша университететіміздің белсенді жастарынан құралған 4 команда өз бақтарын сынап сайысқа түсті. Атап айтар болсақ:

«Тілдер және туризм» факультетінен – «THE BEST» командасы;

«Бизнес және құқық» факультетінен – «CREATIVE» командасы;

«Инжиниринг» факультетінен – «WE SEVEN» командасы;

«Еркін құрама» – «Таңшолпан» командалары қатысқан болатын.

Алғашқы турда «Патриоттық би» сайысы өте тартысты өтті. Бірінен бірі асып түскен командаларға әділ-қазылық еткен қазылар алқасына да оңайға түскен жоқ. Қазылар алқасының құрамында:

  • Сәтбергенова Айгүл

Есенов колледжінің тәрбие жөнінде директордың орынбасары;

  • Дзюденбаева Роза

«Маркетинг» бөлім басшысының міндетін атқарушы

Қанат Наурызбай

  • «Әлеуметтік қолдау көрсету және жастарды дамыту» басқармасы үйлестіруші маманы;
  • Құрметбек Арайлым

«Union» жоғары студенттер кеңесі президенті:

  • Алия Абуова

«Абай атындағы мәдени-демалыс кешені» маманы:

 

Әділ-қазы алқалары барлық қатысушыларға өздерінің сын-пікірлерімен қатар, үлкен дайындықтары үшінде қатысушылармызға алғыстарын білдіріп жатты. Ерекше көзген түскен командалар: «Creative» және «Таңшолпан» командалары болды. Әділ-қазы алқаларының қойған бағалары ІІІ турға дейін сақталатынын ескеретін болсақ осы екі команда өзге командалардан жоғары бал алып, жеңіске бір қадам жақындай түсті. Қорытынды ұпай сандары:

«Creative» командасы – 4,8 ұпай

«Таңшолпан» командасы – 4,8 ұпай

«THE BEST» командасы – 4,2 ұпай

«WE SEVEN» командасы – 4 ұпайға ие болды.

 

Келесі ІІ тур «Хип-хоп» би сайысы бойынша командалар сынға түсетін болады. 25 ақпан күні сағат 15.00 де №2 ғимарат Акт залында өтетін болады.