ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК ПРОФЕССОРЫ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ

Yessenov University-де Ғылым және зерттеу басқармасының ұйымдастыруымен шетелден шақыртылған профессор Хиндустан Инжиниринг және Технологиялар колледжінің (Индия) профессоры (Хирша индексі 30, Scopus базасында 102 мақаласы бар, дәйексөз көрсеткіші – 3110), Стэнфорд университетінің есебі бойынша әлемнің үздік 2% профессорларының бірі, «Жаңартылатын энергия және қоршаған орта» журналының (Scopus базасында индекстелген) консультативтік кеңесінің мүшесі Mohanraj Murugesan-ның «Сәтті ғылыми мансап» тақырыбындағы семинары өтті.

 

Семинарға университет профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер, магистрант, докторанттары қатысты. Профессор Моханрадж Муругесан семинар қатысушыларына ғылыми жұмыстар тақырыбын таңдау, ғылыми жобаларды жоспарлау, ғылыми мақалаларды жариялау бойынша тәжірибесімен бөлісті. Докторанттар ғылыми мақалаларды рәсімдеу бойынша сұрақтарын қойып, қажетті ақпараттарды жазып алып отырды, құнды ғылыми ақпаратымен бөліскені үшін рахметтерін айтып, жеке кеңес алуда. #yessenovuniversity #scienceyu