Ғылымдағы балалар

9 қараша күні Yessenov University-де ашық диалог алаңында “Халықаралық ғылыми ынтымақтастық орталығы” мекемесінің президенті, Жаһандық кеңестің (IEP) ғылыми-білім беру бағдарламасының мүшесі, Дүниежүзілік ғылыми сауаттылық ұйымының (Wosl) дайындық комитетінің мүшесі, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы ғылыми қорының (ECOSF) Халықаралық консультативтік кеңесінің мүшесі, з.ғ.к. Кусайнова Ляззат Абаевна «Ғылымдағы балалар» тақырыбында кездесу өтті. 

Ғылыми білімге жәрдемдесудің халықаралық ұйымдары, стартап проекттер, қоғамдық ғылыми сауаттылықты бірлесіп арттыру үшін ғылыми білімді тарату және ғылымды насихаттау маңыздылығымен бөлісіп, қазақстанда ғылымды насихаттау үшін қажетті шараларды атап өтті. 

Жастардың энергиясы мен шығармашылығы – бұл әлем елдерінің болашағын анықтайтын күш. Сондықтан ғылыми сауаттылықты дамытумен қатар, жастардың зияткерлік және шығармашылық еңбегін тану және құрметтеу мәдениетін қалыптастыру маңызды, онда ол инновацияларды қолдау мен ынталандыру бойынша өз рөлін толық жүзеге асыра алады.