Жастар шығармашылығы бөлімі

Жастар шығармашылығы бөлімі жұмысының негізгі мақсаты – студенттердің интеллектуалды, мәдени және адамгершілік дамуындағы талаптарды қанағаттандыру, студенттердің өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, өнерпаз студенттердің көркем әлемі мен шығармашылығын жан – жақты дамыту, ойлау қабілеті мен сөйлеу шеберлігі мәдениетін жетілдіру.
Жас ұрпақты Отаншылдыққа, туған жеріне, атамекеніне және салт дәстүріне, ұлттық өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Жастар шығармашылығы бөлім жұмысының мақсаты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Жастар шығармашылығы бөлім қызметінің міндеттері:

  1. Университеттің мәдени-тынығу қызметін ұйымдастыру, реттеу және бақылау;
  2. Әлемдік және ұлттық мәдениеттің жетістіктерімен танысу арқылы студенттің жеке мәдениетін көтеруге бағытталған студенттік шығармашылық топтардың жұмысын қалыптастыру;
  3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, дарынды шығармашыл студенттердің эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру;
  4. Студенттерді мәдени, ғылыми және білім беру үдерістеріне қатыстыру;
  5. Жас дарындарға қолдау көрсету;
  6. Жастарда отансүйгіштік сезімді қалыптастыру арқылы адамгершілік және рухани дамыту;
  7. Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға және өз таланттарын, қабілеттерін жарқырата ашуға және белсенділіктерін көрсетуге қолдау көрсету.
Ақтау қаласы, 32 ш/а, Есенов университеті, 11 қабат, А11-04
87292 42 57 74 (176)
sandigul.yerzhanova@yu.edu.kz