Жас ғалымдар кеңесі қызметінің мақсаты жас ғалымдардың ғылыми-кәсіптік өсуін жандандыру, оларды өзекті ғылыми мәселелерді шешуге және жас ғалымдардың инновациялық қызметін дамыту бойынша басым ғылыми бағыттарын анықтап оларды біріктіру болып табылады.

Осы мақсаттарға жету үшін ЖҒК келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

  • Yessenov University факультеттеріндегі жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін ұйымдастыру қызметін үйлестіреді және жас ғалымдарға конференциялар ұйымдастыру мен ғылыми тағлымдамалар өтуіне қажетті көмек көрсетеді;
  • ғылыми конференциялар, симпозиумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, форумдар және Қазақстан мен шетелдің басқа ғылыми және білім беру орталықтарының жетекші ғалымдарының лекция циклдерін ұйымдастырады, сонымен қатар басқа да жас ғалымдар қатыса алатын іс-шараларды өткізеді;
  • қазіргі заманғы ғылымның өзекті және практикалық маңызды міндеттерді шешуге бағытталған жас ғалымдар арасында пәнаралық кешенді ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру үшін жас ғалымдармен тікелей байланыстарды дамытуға жәрдемдеседі;
  • жас ғалымдарға қазақстандық және шетелдік ұйымдар жүзеге асыратын зерттеулер мен іс-шаралар туралы ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізеді;
  • жас ғалымдардың инновациялық қызметін туралы қолдау мен оларды ынталандыру бойынша жас ғалымдардың инвестициялық бағдарламалары мен жобалық ұсыныстарына байланысты іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
  • Халықаралық, өңіраралық, өңірлік және басқа да жобалар мен бағдарламаларға қатысады;
  • университет студенттерін ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;
  • Yessenov University жоспарына сәйкес университеттің кәсіптік бағдарлауын жүргізеді;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына және Жас ғалымдар кеңесі туралы ережеге қайшы келмейтін және қойылған мақсаттарға жауап беретін басқа да іс-шараларды жүзеге асырады;
  • өз қызметі туралы ақпарат пен жылдық есеп береді.

Жас Ғалымдар Кеңесі туралы ереже

Жас Ғалымдар Кеңесі мүшелері

Жас Ғалымдар Кеңесі жұмыс жоспары