Жалпы жағдайлар

Осы Әлеуметтік қоржын күндіз оқитын Қазақстан Республикасы азаматтары – білім алушылардың (студенттердің, магистранттардың және докторанттардың) әлеуметтік жағынан қорғалып, тұрмыс-тіршілік деңгейлерін жоғарылатуға және жақсартуға бағытталған.
Әлеуметтік қоржын келесі міндеттерді іс жүзіне асыруға арналған:
1) білім алушылардың әлеуметтік тұрмыс жағдайын жақсарту;
2) салауатты өмір салтын насихаттау және білім алушылардың бос уақытын мәдени сауықтық іс-шаралармен өткізуді ұйымдастыру;
3) білім алушыларды оқуға, спортқа, ғылыми-ізденушілікке және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуға ынталандыру.
Әлеуметтік көмекке оқу үлгерім көрсеткіштері жоғары және тәртіп бұзушылық тұрғысынан жазалануы жоқ білім алушылар ғана үміттене алады. Оқу жылы ішінде тәртіп бұзушылық орын алған болса білім алушы факультет деканының ұсынысы бойынша ағымдағы оқу жылында әлеуметтік көмектен айырылады.
Білім алушы әлеуметтік қолдау алу үшін осы Әлеуметтік қоржынның 5-тарауында көрсетілген тиісті құжаттардың толық топтамасын факультет деканатына тапсыруы қажет. Құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда қабылданбайды.
Факультет деканаттары түскен құжаттардың негізінде үш жұмыс күні ішінде білім алушыға әлеуметтік қолдау тағайындау туралы кәсіподақ комитетінің төрайымы мен тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректормен келісілген бұйрық дайындайды.
Әлеуметтік қолдау білім алушының факультет деканатына құжаттардың толық топтамасын өткізгеннен кейінгі айдың бірінші күнінен бастап оқу жылының аяғына (30маусымға) дейінгі кезеңге тағайындалады. Бұл қағидадан тыс мерзім – қыркүйек айының бірінші жартысы: егер құжаттар факультет деканатына 20 қыркүйекке дейін тапсырылса, онда әлеуметтік қолдау 1 қыркүйектен бастап тағайындалады.
Аралық емтихан сессиясының қорытындысы бойынша GPA көрсеткіші 3,0-тен төмен білім алушы оқу жылы барысында әлеуметтік қолдаудан айырылады.
Білім алушылардың Әлеуметтік қоржынның 3. «Білім алушыларға материалдық көмек көрсету» және 4. «Білім алушыларды ынталандыру» атты бөлімдері бойынша төленетін материалдық көмек пен сыйақыны есепке алмағанда, тек қана бір тармақшасын пайдалануға мүмкіндігі бар.

 

1. ОҚУ АҚЫСЫН ТӨЛЕУДЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ЖЕҢІЛДІКТЕР

Рет.
Білім алушылардың оқу жетістіктері және
әлеуметтік жағдайы
Женілдік мөлшері
(келісім-шартта көрсетілген сомадан)
1Барлық емтихан сессияларын тек қана «үздік» бағаға тапсырған «Алтын белгі» иегері  
25%
2Білім алушының анасы от басында 18 жасқа толмаған 5 және одан да көп балалары бар «Алтын алқа» иегеріАлдыңғы семестр нәтижесі бойынша GPA 3,0 төмен емес
25%
3Барлық емтихан сессияларын тек қана «үздік» бағаға тапсырған ерекше үлгідегі аттестат немесе үздік диплом иегері 
25%
4Тұлдыр жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз  қалған балаларАлдыңғы семестр нәтижесі бойынша GPA 3,0 төмен емес
15%
5Барлық емтихан сессияларын «үздік» тапсырған білім алушы10%
6КМТИУ-да бір отбасынан ақылы негізде (оқу нысанына байланыссыз) екі немесе одан да көп балалар бір мезгілде оқиды:
1) бірінші білім алушыға
2) екінші білім алушыға
3) үшінші білім алушыға
Алдыңғы семестр нәтижесі бойынша GPA 3,0 төмен емес
1) 10%
2) 15%
3) 20%
7Білім алушының ата-аналары бірінші топтағы мүгедектерАлдыңғы семестр нәтижесі бойынша GPA 3,0  төмен емес
20%
8Білім алушы бірінші топтағы мүгедекАлдыңғы семестр нәтижесі бойынша GPA 3,0 төмен емес
15%
9Білім алушы ата-анасының біреуінің КМТИУ-дағы жұмыс өтілі:
1) 5-10 жыл аралығында
2) 10 жылдан асқан
Алдыңғы семестр нәтижесі бойынша GPA 3,0 төмен емес
1) 10%
2) 20%

 
Ескерту: мекемелер (ұйым, кәсіпорын және т.б.) есебінен оқитын білім алушылардың оқу ақысына жеңілдіктер берілмейді.

2. БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА МАТЕРИАЛДЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ

Білім алушыларға түрлі жағдайларға байланысты қаржы жағынан қиындық көріп жүргенде әлеуметтік қолдау жасау мақсатында төменде келтірілген мөлшерде материалдық көмек көрсетіледі:
1) білім алушының жақын туыстарының (әкесі, шешесі, әйелі, күйеуі) қайтыс болуына байланысты – мемлекеттік шәкіртақы көлемінде;
2) өкпе құрт аурумен ауырып қалған немесе бұрын ауырған білім алушыларға – мемлекеттік шәкіртақы мөлшерінде оқу жылында 2 рет (әр семестрдің басында: қыркүйек және ақпан айында);

3. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ЫНТАЛАНДЫРУ

1. Білім алушылар оқудағы, спорттағы, ғылыми-ізденушілік және қоғамдық жұмыстардағы жоғары деңгейдегі көрсеткіштері үшін төмендегідей мадақталады:

Байқаулар мен іс-шаралардың аталуыЫнталандыру түрлері
1Қазақстаннан тысқары елде өткізілген халықаралық пәндік олимпиадалар, байқаулар мен жарыстар (КМТИУ-дың атауы көрсетілген тиісті  құжаттардың негізінде)Жекелей есеп бойынша сыйақылар:
1 орын үшін – 45 000 теңге;
2 орын үшін – 30 000 теңге;
3 орын үшін – 15 000 теңге.
2Қазақстаннан тысқары елде өткізілген халықаралық пәндік олимпиадалар, байқаулар мен жарыстар (КМТИУ-дың атауы көрсетілген тиісті  құжаттардың негізінде)Командалық есеп бойынша сыйақылар:
1 орын үшін – 60 000 теңге;
2 орын үшін – 45 000 теңге;
3 орын үшін – 30 000 теңге.
3КМТИУ-дан тысқары жерде өткізілген республикалық пәндік олимпиадалар, байқаулар мен жарыстар (КМТИУ-дың атауы көрсетілген тиісті  құжаттардың негізінде)Жекелей есеп бойынша сыйақылар:
1 орын үшін – 30 000 теңге;
2 орын үшін – 22 500 теңге;
3 орын үшін – 15 000 теңге.
4КМТИУ-дан тысқары жерде өткізілген республикалық пәндік олимпиадалар, байқаулар мен жарыстар (КМТИУ-дың атауы көрсетілген тиісті  құжаттардың негізінде)Командалық есеп бойынша сыйақылар:
1 орын үшін – 45 000 теңге;
2 орын үшін – 30 000 теңге;
3 орын үшін – 22 500 теңге.

2. Университетте оқыған жылдарының қорытындысы бойынша оқуда, ғылымда және қоғамдық жұмыстарда үздік көрсеткіштерге жеткен білім алушылардың ата-аналарына ректордың Алғысы жолданады.

4. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ БАСҚА ДА ТҮРЛЕРІ

  1. Төменде көрсетілген білім алушыларға жатақханада тегін тұруға рұқсат беріледі:

1) тұлдыр жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз  қалған балалар;
2) өкпе құрт аурумен ауырып қалған немесе бұрын ауырғандар.

5. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ АЛУ ҮШІН ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР

Білім алушылар факультет деканатына құжаттардың көшірмелерімен қатар салыстыру үшін олардың түп нұсқаларын да қоса тапсыруы тиіс. Деканат құжаттарды қабылдау барысында көшірмелерді салыстырады да, түп нұсқаларды иесіне қайтарып береді.

  1. Оқу ақысын төлеуде көрсетілетін жеңілдіктер

1.1. Барлық сессияны тек қана «үздік» бағаға тапсырған «Алтын белгі»  иегері:

  • білім алушының өтініші;
  • жеке төлқұжат көшірмесі;
  • «Алтын белгі» иегері куәлігінің көшірмесі;
  • тіркеу бөлімінен берілген транскрипт.

1.2. Білім алушының анасы от басында 18 жасқа толмаған 5 және одан да көп балалары бар «Алтын алқа» иегері:

  • білім алушының өтініші;
  • жеке төлқұжат көшірмесі;
  • білім алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • 18 жасқа толмаған басқа балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
  • отбасы мүшелерінің барлығының мекен-жайлық анықтамалары;
  • «Алтын алқа» иегері куәлігінің көшірмесі;
  • тіркеу бөлімінен берілген транскрипт.

1.3. Барлық емтихан сессияларын тек қана «үздік» бағаға тапсырған ерекше үлгідегі аттестат немесе үздік диплом иегері:

  • білім алушының өтініші;
  • білім алушының жеке төлқұжат көшірмесі;
  • тіркеу бөлімінен берілген транскрипт.

1.4. Тұлдыр жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар:

  • білім алушының өтініші;
  • тіркеу бөлімінен берілген транскрипт.

1.5. Барлық емтихан сессияларын үздік тапсырған білім алушы:

  • білім алушының өтініші;
  • білім алушының жеке төлқұжат көшірмесі;
  • тіркеу бөлімінен берілген транскрипт.

1.6. КМТИУ-да бір отбасынан ақылы негізде (оқу нысанына байланыссыз) екі немесе одан да көп балалар бір мезгілде оқуы:

  • білім алушылардың өтініші;
  • білім алушылардың жеке төлқұжаттарының көшірмесі;
  • білім алушылардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі;
  • білім алушылардың мекен-жайлық анықтамалары;
  • тіркеу бөлімінен берілген транскрипт.

Егер білім алушылар әр факультеттің білім алушылары болса, онда бұйрықты университетке ертерек түскен білім алушы оқитын факультет деканы рәсімдейді.
1.7. Білім алушының ата-аналары бірінші топтағы мүгедектер:

  • білім алушының өтініші;
  • білім алушының жеке төлқұжат көшірмесі;
  • білім алушының туу туралы куәлік көшірмесі;
  • білім алушының екі ата-анасының да мүгедектігі туралы куәліктері;
  • тіркеу бөлімінен берілген транскрипт.

1.8. Білім алушы бірінші топтағы мүгедек:

  • білім алушының өтініші;
  • білім алушының жеке төлқұжат көшірмесі;
  • білім алушының мүгедектігі туралы куәлік көшірмесі;
  • тіркеу бөлімінен берілген транскрипт.

1.9. Білім алушының ата-анасының (ата-аналарының) біреуінің КМТИУ-дағы жұмыс өтілі бес жылдан асқан:

  • білім алушының өтініші;
  • білім алушының жеке төлқұжат көшірмесі;
  • білім алушының туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • КМТИУ-дағы ата-ана-жұмыскердің жеке төлқұжатының көшірмесі;
  • білім алушының КМТИУ-да жұмыс жасайтын ата-анасының жеке төлқұжат көшірмесі;
  • кадрлар бөлімінің ата-анасының еңбек өтілі туралы анықтамасы;
  • тіркеу бөлімінен берілген транскрипт.
  1. Білім алушыларға материалдық көмек көрсету

2.1. Білім алушының жақын туыстары (әкесі, шешесі, әйелі, күйеуі) қайтыс болған:

  • білім алушының өтініші;
  • білім алушының жеке төлқұжат көшірмесі;
  • білім алушының туу туралы немесе неке қию туралы куәлігінің көшірмесі;
  • жақын туыстарының қайтыс болғандығы туралы куәліктің көшірмесі.

2.2. Өкпе құрт аурумен ауырып қалған немесе бұрын ауырған білім алушы:

  • білім алушының өтініші;
  • білім алушының жеке төлқұжат көшірмесі;
  • білім алушының денсаулығы туралы медициналық мекемеден

анықтама.

  1. 3. Білім алушыларды ынталандыру

3.1.1. Білім алушыларды Қазақстаннан тысқары елде өткізілген халықаралық пәндік олимпиадалар, байқаулар мен жарыстардағы жоғарғы  көрсеткіштері:

  • білім алушының өтініші;
  • білім алушының жеке төлқұжат көшірмесі;
  • факультет деканының басқарушы проректормен келісілген

ұсынысы;

  • тиісті диплом көшірмесі.

3.1.2. Білім алушылардың республикалық пәндік олимпиадалар, байқаулар мен жарыстардағы жоғарғы  көрсеткіштері:

  • білім алушының өтініші;
  • білім алушының жеке төлқұжат көшірмесі;
  • факультет деканының басқарушы проректормен келісілген

ұсынысы;

  • іссапарға жіберу немесе КМТИУ-да өткізілген олимпиадаға қатысу туралы КМТИУ бойынша бұйрық;
  • ҚР БҒМ дипломы.

3.2. Университетте оқыған жылдарының қорытындысы бойынша оқуда, ғылымда және қоғамдық жұмыстарда үздік көрсеткіштерге жеткен білім алушылардың ата-аналарына ректордың Алғысы жолдау:

  • факультет деканының тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар шығармашылығы бөлімімен келісілген ұсынысы.
  1. Әлеуметтік қолдаудың басқа да түрлері

4.1. Тұлдыр жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз  қалған
балаларға жатақханада тегін тұруға рұқсат беру:

  • білім алушының өтініші.

4.2.өкпе құрт аурумен ауырып қалған немесе бұрын ауырған білім
алушыға жатақханада тегін тұруға рұқсат беру:
1) білім алушының өтініші;
2)  білім алушының жеке төлқұжат көшірмесі;
3) білім алушының денсаулығы туралы медициналық мекемеден анықтамасы;