Ахметов Берік Бақытжанұлы

    2017 жылдан бастап Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі. 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығын, механика-математика факультетінің ақпараттық жүйелер кафедрасының аспирантурасын бітірген. 2010 жылы 05.13.01 – Ақпараттық жүйелік талдау, басқару және өңдеу мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғаған.

    2006-2013 жылдары осы оқу орнының ақпараттық жүйелер кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент, оқу-әдістемелік басқарма басшысы қызметтерін атқарған. 2013-2017 жылдары Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша вице-президенті қызметінде болған.

    Халықаралық деңгейдегі тағылымдалар мен біліктілік арттыру курстарынан өткен: University of Pierre Mendes (Франция), Alecant university (Испания) (2010-2011); Carlvon Ossietzky universitat Oldenburg – постдокторантура бағдарламасы (Германия, 2011-2012); АҚШ Жоғары білім саласындағы зерттеулер орталығының біліктілік арттыру курсы, University of California университеті  (Berkeley, 2014); Англиядағы жоғары оқу орындары басшыларына арналған курс, Regent’s university London, university of Oxford, university of Cambridge, Brunel university (2014); Қазақстан жоғары білім жетекшілеріне арналған кәсіби дамыту бағдарламасы, Назарбаев университет & Leadershipfoundation (2014).

    Ахметов Б.Б. 3 тілді еркін меңгерген: қазақ, орыс, ағылшын. 1 оқулық, 2 монография мен елудің үстінде ғылыми мақалалар мен жарияланымдардың авторы.