Хабарландырулар

Делфт технологиялық университеті

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі қазақстандық тараптың қаражаты есебінен Делфт университетінде қазақстандық студенттер үшін магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқыту басталғандығын жариялады. Делфт технологиялық университеті — 1842 жылы құрылған Нидерланд Корольдігіндегі ең ірі техникалық университеті. Университет «THE World University Rankings 2019» рейтингісінде 58-ші орын алады және «THE» және «QS» сәйкес инженерлік және технология саласындағы әлемдегі ең үздік 20 университеттің бірі болып саналады.

33 магистрлік бағдарлама қарастырылған. Болашақ магистрлерді іріктеу тақырыпқа және диссертацияның жобасына сәйкес дербес және жеке жүзеге асырылады. Университетті қызықтыратын тақырыптардың мысалы ретінде келесі ұсынылды: тау-кен ісі, геология және теңіз техникасы және технология:

  1. Аэроғарыштық инженерия (Aerospace Engineering);
  2. қолданбалы жер туралы ғылымдар (Applies Earth Sceinces);
  3. Қолданбалы математика ( Applied Mathematics;
  4. Қолданбалы физика (Applied Physics);
  5. Сәулет, урбанистика және құрылыс ғылымдары (Architecture, Urbanism and Building Sciences);
  6. Биомедициналық инженерия (BioMedical Engineering);
  7. Химиялық инженерия (Chemical Engineering);
  8. Құрылыс (Construction);
  9. Кешенді бағдарламаларды басқару және инжиниринг (Complex Systems Engineering and Management);
  10. Компьютерлік инженерия (Computer Engineering);
  11. Компьютерлік ғылымдар (Computer Science)
  12. Құрылысты басқару және инжиниринг (Construction Management and Engineering);
  13. Өзара әрекеттесуге арналған дизайн (Interaction for Design)
  14. Электрондық инженерия (Electrical Engineering);
  15. Ендірілген жүйелер (Embedded Systems);
  16. Инженерлік және саяси талдау (Engineering and Policy Analysis);
  17. Геоматика (Geomathics);
  18. Өндірістік экология(Industrial Ecology);
  19. Өнімнің кіріктірілген дизайны (Integrated Product Design);
  20. Өмір және технология туралы ғылым (Life Science & Technology);
  21. Технологияны басқару(Management of Technology);
  22. Теңіз технологиясы (Marine Technology);
  23. Материалтану және инжиниринг (Material Science & Engineering);
  24. Машина жасау (Machanical Engineering);
  25. Капиталды талдау, жобалау және инжиниринг (Metropolitan Analysis, Design and Engineering);
  26. Нанобиология (NanoBiology);
  27. Теңіз және ұңғыманы тереңдету жұмыстары (Offshore & Dredging Engineering);
  28. Ғылыми білім және байланыс(Science Education and Communication);
  29. Өнімнің стратегиялық дизайны(Strategic Product Design);
  30. Тұрақты энергетикалық технологиялар (Sustainable Energy Technology);
  31. Жүйелер және басқару (Systems & Control);
  32. Техникалық медицина(Technical Medicine);
  33. Көлік, инфрақұрылым және логистика (Transport, Infrastructure and Logistics).

Абай-Верн стипендиялық бағдарламасы

Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігі мен Еуропа Министрлігі және Француз Республикасының сыртқы істер Министрлігінің арасындағы келісім аясында « Абай-Верн » бағдарламасын жүзеге асыру туралы Франция Үкіметі Қазақстан азаматтарына “Абай-Верн” стипендиялық бағдарламасына қатысуға шақырады.

Осы бағдарлама шеңберінде 100 грант бөлінеді, оның ішінде қазақстандық жоғары оқу орындарындағы екінші жыл білім алып жатқан магистранттар үшін 90 грант және докторанттар үшін 10 грант орыны беріледі.

Абай-Верн стипендиялық бағдарламасына қатысуға құжаттарды қабылдау басталды.

Толық ақпарат: https://bolashak.gov.kz/ru/novosti/1305-nachat-priem-dokumentov-na-uchastie-v-stipendialnoj-programme-abaj-vern.html

 

Хабарландырулар

Yessenov University Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 11.04.2018 күнгі № 145 бұйрығына сәйкес студенттерді академиялық ұтқырлық шеңберінде Еуропа елдеріндегі жоғары оқу орындарында оқыту үшін іріктеу жұмыстарын жүргізеді.

Толық ақпаратты алу және академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелде оқуға өтініш беру үшін факультеттен тағайындалған үйлестірушісіне (қосымша сұрақтар бойынша халықаралық бөлімге) хабарласу қажет.

ҚР Білім және ғылым министрінің 19.11.2008 күнгі № 613 бұйрығымен бекітілген «Шетелге, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларына» сәйкес үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшемдері төмендегідей:

  • шет тілін білу деңгейі (шет тілін еркін меңгеру, мүмкіндігінше IELTS немесе TOEFL сертификаттың болуы);
  • білім туралы құжаттың орташа балы (GPA – 3.5-тен жоғары);
  • білім алушылардың академиялық кезеңнің қорытындысы бойынша ағымдағы үлгерімі;
  • академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға үміткерлер үшін өз жоғары оқу орнында бір академиялық кезеңді аяқтау;
  • мемлекеттік грант шеңберінде білім алушылар.

Факультеттен тағайындалған үйлестірушілер:

  • «Әлеуметтік және гуманитарлық дайындық» – К.Б. Бижанова, факультет деканының орынбасары;
  • «Педагогика» – Ш.С. Абишева, факультет деканының орынбасары;
  • «Экономика және құқық» – Л.О. Садуакасова, факультет деканының орынбасары;
  • «Мұнай және газ» – А.Ш. Аккенжеева, факультет деканының орынбасары;
  • «Көлік және құрылыс» – Г.А. Калиева, факультет деканының орынбасары.

Білім алушылардың өтініш беруінің соңғы мерзімі: 28.05.2018