09:00 — 18:00
13:00 — 14:00
8(7292)42-57-28(вн.129)
8(701)57-29-024

Үздіксіз білім беру институты

Құрметті ЖОО Ректорлары, магистранттар мен студенттер!

      Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті қабырғасындағы Үздіксіз білім беру институты (әрі қарай ҮББИ), Сізге мұнай-газ ісі, геология, машина жасау, химиялық технологиялар және экология мамандықтары бойынша студенттерге және магистранттарға жазғы мектеп бағдарламасын ұсынады.

   Іс-шараның мақсаты — осы салалардағы соңғы жетістіктермен және технологиялармен танысу. ҮББИ қолданыстағы мұнай-газ кәсіпорнындарына  студенттер мен магистранттар апару шараларын ұйымдастырады, оның барысында теориялық оқумен қатар осы мамандықтар бойынша практикалық дағдыларға ие болады.

   Біздің университет әсем Каспий теңізінің жағалауында орналасқан және біздің аймақтың да тарихи маңызы зор. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Маңғыстаудың ең әдемі жерлеріне сапарлар жоспарланған.

    Бағдарламаның ұзақтығы — 6 күн (36 сағат).

    Жазғы мектептің қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат беріледі.

    Жазғы мектепке дайындықты және өткізуді ұйымдастыру үшін алдын-ала өтініш беруіңізді сұраймыз.

Актау қ, 32 ш/а., Ш.Есенова атын. КМТИУ, ҮББИ, каб. 2-1
8(7292)42-57-28(вн.129) 8(701)57-29-024
roza.makhambetova@yu.edu.kz