09:00 — 18:00
13:00 — 14:00
8(7292)42-57-28(вн.129)
8(701)57-29-024

Үздіксіз білім беру институты

      Үздіксіз білім беру институты (ҮББИ) — бұл университеттің құрылымдық бөлімшесі, үздіксіз білім беру жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, өндірістік сектордағы және білім берудегі инновациялық процестерді қолдау, әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету. 2018 жылдың наурыз айынан бастап көптеген маңызды жұмыстар атқарылды:

        Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты, біз келесі нормативтік құқықтық актілерді қарастырдық және зерттедік, атап айтқанда: «Білім туралы Заңның» 23-бабы, «Білім берудегі қосымша білім»; «Қосымша білім беру» 04.07.2018 жылғы № 171-VI 37-бап; ҚР БжҒМ 28.09.2018 жылғы  № 508 бұйрығы «Бейресми білім беретін, танылған ұйымдардың тізбесіне енгізілген ұйымдар беретін формальды емес білім арқылы ересектер алған оқу нәтижелерін тану қағидалары», «Бейресми білім беретін ұйымдарды тану және бейресми білім беретін ұйымдардың тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» және «Бейресми білім беретін ұйымдарды тану және бейресми білім беретін ұйымдардың тізімін құру ережелері» 4.10.2018 ж. № 537; 10.30.2018 жылғы «Тиісті типтегі білім беру ұйымдарының қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы».

  1. Жұмыс берушілердің, басқарушылардың және Маңғыстау облысы кәсіпорындарының өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды:

— «Маңғыстау электр жүйелерін тарату компаниясы» АҚ;

— «ӨМГ» АҚ;

— «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ;

— «Caspi Bitum» ЖШС;

-«Жағалау қызметі» өңірлік басқармасы» РММ;

— Маңғыстау облысындағы «Өрлеу» БАҰО »ҰК» АҚ.

  1. «Жағалау қызметі» өңірлік басқармасы» РММ әскери қызметкерлерінің бастапқы кезеңде біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстары өткізілді.
  2. Біздің университеттің «Әскери» кафедрасы негізінде «Бастапқы әскери және технологиялық дайындық» орта білім беру курстарының оқытушыларының өтуі.
  3. Профессор-оқытушылар құрамына арналған біліктілікті жоғарылату бағдарламасы аясында «Бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламаларын қалыптастыру, жаңарту және жетілдіру» тақырыбында on-line және off-line курстары өткізілді.

ҮББИ, 2018 жылдың 01 маусымында «Ш.Есенов атындағы КМТжИУ» Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыс жүргізу құқығына сертификаттау үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы № SIS-01 / 06-18 сараптамалық пікірін алды, бұл өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында оқыту, жұмыс жасау құқығына мүмкіндік береді, атап айтқанда:

  • өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу;
  • құрылыс, машина жасау, тау-кені, мұнай және газ өндіру, мұнай химиясы, мұнайды қайта өңдеу, химиялық, сонымен қатар жоғары қысымда жұмыс жасайтын жүк көтеру механизмдері, пештер мен құбыр желілері мамандарының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру.
  1. 2018 жылға арналған нақты жоспарды іске асыру мақсатында ҚР БжҒМ «Жаңа экономиканың қажеттіліктерін ескере отырып кадрларды даярлау және қайта даярлауды жетілдіру» жобасында («Жоғары білім» бөлімі, №7 тармақ) «ЖОО-дарда ПОҚ тілдік, IT және кәсіпкерлік құзіреттіліктер бойынша біліктіліктерін арттыру» жобасында. ЖОО профессорлық-оқытушылар құрамы үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) курстарын өткізілді.
  2. Қосымша білім беру қызметтері бойынша «Экология және химиялық инжиниринг» кафедрасында «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КЕАҚ магистранттарының ғылыми тағылымдамасының курсы ұйымдастырылды.
  3. «Flipped classroom & Yessenov Lanquaqe Center» орталығымен бірлесіп студенттер мен оқытушыларға арналған А1, А2 деңгейлі ағылшын тілі курсы өткізілді.

8. Кәсіпкерлік және инновацияларды дамыту орталығымен бірігіп, «Жаңа экономиканың қажеттіліктерін ескере отырып кәсіпкерлік негіздері» атты тренингтер, тақырыптарына сәйкес басқа ұйымдардың спикерлерін шақырумен ұйымдастырылды

9. Профессорлық-оқытушылар құрамы мен магистранттарға «MBA Бизнес-курсы. Персоналды басқару»: «Жеке өсуге арналған тренингтер» және «Адами ресурстарды басқару стратегиясы» тақырыптарында семинарлар өткізілді

10. «Бизнес және құқық» факультеті оқытушыларының жаңартылған білім беру іс-әрекеті мен этикалық мәдениетті оқыту әдістерін қалыптастыру саласындағы үздіксіз кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу жүйесінде жеке тұлғаны дамыту мақсатында «Effective Digital Marketing for Higher Education», «Effective Information Sharing and Using» және «Ethics, innovation and Infrastructure» тақырыптарында  PhD Dababrata Chowdhury қатысуымен тренингтер өткізілді.

11. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Маңғыстау облысы бойынша филиалының қызметкерлері үшін «ISO оқыту. Өзгерістер және оларды қазіргі СМЖ-ге енгізу» тақырыбында тренингтер өткізілді.

ҮББИ білім беру ұйымдарының тізіліміне келесі мамандықтар бойынша кірді:

1.      Краншы

2.      Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі (қайта даярлау)

3.      Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі көмекшісі

4.      Іс қағаздарын жүргізуші

5.      Қазаншы

6.      Слесарь-сантехник

7.      БӨҚжА реттеушісі

8.      Арматурашы

9.      Бетоншы

10.    Сметашы

11.    Тас қалаушы

12.    Электр-газбен дәнекерлеуші

13.    Энергия сақтаушы (энергия таратушы) ұйым бақылаушысы

14.    Кеме жүрісі жайын баяндаушы

15.    Жаға матросы

16.    Кеме жүрісінің жөндеуші-моторшысы

17.    Моторшы (машинист)

18.    Жаға жұмысшысы

19.    Алаң жұмысшысы

20.    Өсімдік өсіруші

21.    Көкөніс өсіруші

22.    Бақташы

23.    Гүл өсіруші

24.    Саңырауқұлақ өсіруші

25.    Жылыжайшы

26.    Зертханашы

27.    Туризм бойынша нұсқаушы

«Атамекен» ҰКП және Маңғыстау облысы бойынша (Ақтау қаласы, Түпқараған және Мұнайлы аудандары) Халықты жұмыспен қамту орталықтары сұранысымен «Электр-газбен дәнекерлеуші», «Моторшы машинист» және «Бақылау-өлшеу құралдары және автоматика реттеушісі» қысқа мерзімді курстары өткізілді.

12. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде білім беру бағдарламасы бойынша педагогикалық мамандықтарының түлектеріне арналған жаңартылған бағдарламасы бойынша курстар өткізілді. Жаңартылған бағдарлама бойынша курстарға «Педагогика» факультетінің оқытушылары мен оқытушылары қатысты.

  1. «Сырдария» университеті ПОҚ-на «Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру (бейіндері бойынша)» біліктілікті арттыру курсы өткізілді.
  2. Шет елден келген студенттерге арналған 2 айлық «Орыс тілі» курсы ұйымдастырылды.
  3. «КЕЗБИ» ЖШС қызметкерлеріне аттестаттау өткізілді.
  4. «Адвокаттық қызмет. Әділет департаменті заңгерлері тыңдаушыларына арналған адвокаттық қызметпен айналысу үшін лицензия алуға үміткерлерді Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуіне тестілеуге дайындау» курсы ұйымдастырылды.
  5. Болгария елінен келген келген профессордың «Сыни және креативті ойлау» және «Мен кемеңгермін» курстары ҮББИ-да өткізілді.
  6. «Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасымен бірігіп «Гид-экскурсовод» курсы өткізілді.
Актау қ, 32 ш/а., Ш.Есенова атын. КМТИУ, ҮББИ, каб. 2-1
8(7292)42-57-28(вн.129) 8(701)57-29-024
roza.makhambetova@yu.edu.kz