Ғылыми-зерттеу жұмыстары

«Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық» факультеті мамандықтарының ғылыми-зерттеу жұмыстары оқытушылардың ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялаған ғылыми конкурстар мен жобаларға қатысуы, оқытушылардың республикалық, халықаралық ғылыми конференцияларға қатысып, баяндама оқуы, ғылыми және әдістемелік семинарлар, ғылыми тағлымдамаларға қатысуы арқылы әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану бағыттары бойынша атқарылады.

Кафедралар төмендегі бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде:

  • «Қазақстан тарихының өзекті мәселелері»;
  • «Дүние жүзі тарихының өзекті мәселелері»;
  • «Тарихнама және деректану, этнология және өлкетану салаларының өзекті мәселелері»;
  • «Дәстүрлі ұлттық ойындары»;
  • «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың өзекті мәселелері»;
  • «Тіл білімінің өзекті мәселелері»;
  • «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері».

Аталған бағыттар негізінде 2016-2017 оқу жылында факультеттің профессор-оқытушылар құрмы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Маңғыстау өңірінде жоғары білімді мамандар даярлай бастаудың 40-жылдығына арналған «КМТИУ: білім, ғылым және тәжірибе» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға (Абланова Э.А., Мендалиев Б.М., Ахметов Н.А., Молдаханов И.О., Кыстаубаева К.Т., Яхьяева М.М., Каметова Р.М., Батыхова А.К., Аймуханова А.А. Адамбаева Г.М.); Университеттің Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасы ұйымдастырған ҚР тәуелсіздігінің 25- жылдығына арналған «Тәуелсіздік таң шапағында» атты облыстық конференцияға (Абланова Э.А., Бекешов С.С., Буянова Л.Л., Есетова Г.Б., Исаева Л.Н., Кильдякова Е.Н., Мамбетова А.И., Табылдиева О.Д.), «Мәңгілік ел идеясы және С. Қондыбай мұралары» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға (Табылдиева О.Д.), Ақтөбе қаласында өткен «Діншілік, дін арқылы келісім және рухани тәрбие» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға (Бекешов С.С.), М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Фольклор және әдеби өлкетанудың өзекті мәселелері» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға (Есетова Г.Б.), «Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш үкіметінің құрылғанына 100 жыл» атты ғылыми конференцияға (Еділханова С.А.).

Сонымен қатар, 2016-2017 оқу жылы факультет оқытушылары Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне арналған жиынға (Абланова Э.А.), Қызылорда қаласында өткен «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» күніне арналған халықаралық жобаға «Тарихтан тағылым-өткенге тағзым» (Абланова Э.А.), «Маңғыстау халқы репрессия жылдарында» (Мамбетова А.И.) баяндамаларымен қатысты.

2016-2017 оқу жылы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен университет көлемінде «Қазақтың ұлт-азаттық көтерілісі: тарихтағы ақтаңдақ пен ақиқат» (1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған); Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін талқылауға арналған; «Әлихан Бөкейханов және Алаш мұрасы» (Ә.Бөкейхановтың 150-жылдығына арналған) атты дөңгелек үстелдер өткізілді.

2016-2017 оқу жылының қорытындысы бойынша факультет оқытушыларының Ш. Есенов атындағы КМТИУ-нің Ғылыми кеңесі ұсынған 1 монографиясы, 8 оқулық (оның 2 – электрондық оқулық), 3 оқу құралы (оның 1 – ағылшын тілінде), 7 оқу-әдістемелік құрал, халықаралық конференция жинақтарында 23, республикалық конференция жинақтарында 20, аймақтық конференция жинақтарында 2, университетішілік конференция жинақтарында 17, БҒСБК ұсынған журналдарда 4 ғылыми мақала жарық көрді.