«Yessenov – жасыл кампус» акциясы жалғасты

21 сәуір күні Yessenov University студенттері мен қызметкерлері «Yessenov – жасыл кампус» акция аясында ретінде көгалдандыру, ағаш отырғызу және тазалық жұмыстарын жалғастырды.

Сенбілік аясында тазалық жұмыстары жүргізіліп, университеттің білім беру қызметтерінің аккредиттеу стандарттарына (талаптарына) сәйкестігін бағалау жұмыстарын жүргізіп жатқан Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз Қазақстандық агенттігінің сыртқы сараптау комиссия мүшелері де ағаш отырғызды.