Ахметов Берік Бақытжанұлы

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры

Техника ғылымдарының кандидаты, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі
1985 жылғы 15 желтоқсанда туған.
2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінің «Ақпараттық жүйелер» мамандығын, ал 2009 жылы – механика-математика факультеті ақпараттық жүйелер кафедрасының аспирантурасын бітірді.
2010 жылы 05.13.01 – Ақпаратты жүйелік талдау, басқару және өңдеу мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

Еңбек жолы:
2006-2013 – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті;
2011-2013 – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқу үдерісі бөлімінің басшысы, оқу-әдістемелік басқармасының басшысы;
2013-2017 – Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі вице-президенті;
2017 жылғы 6 қыркүйекте Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры болып тағайындалды.

Біліктілікті арттыру:
2010-2011 – University of Pierre Mendes (Франция), Alecante university (Испания) – тағылымдама;
2011-2012 – Carl von Ossietzky universitat Oldenburg (Германия) университетінің постдокторантура бағдарламасы;
2010-2012 – талантты жас ғалым ұлттық стипендиясының иегері;
2014 жылғы маусым – АҚШ-та Жоғары білім саласындағы зерттеу орталығындағы біліктілікті арттыру курсы (University of California, Berkeley);
2014 жылғы шілде – Англияда жоғары оқу орындары басшыларына арналған оқу курсы (Regent’s university London, university of Oxford, university of Cambridge, Brunel university);
2014 жылғы шілде – Қазақстаннның жоғары оқу орындарының көшбасшыларына арналған кәсіби даму бағдарламасы (Назарбаев университеті & Leadership foundation).

Ғылыми-әдістемелік еңбектері:
Бір оқулық, 2 монография және ғылыми басылымдарда 40-тан астам ғылыми мақалалар жариялаған.