Университет тарихы

«Мұндай барлық жағдай жасалған тамаша ғимаратта білім алған сіздердің Маңғыстаудай өндірісті өлкенің қарқынды дамуына лайықты үлес қосуларыңа тілектеспін».

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті.

Білім беру саясаты Қазақстанның алдыңғы қатарлы ЖОО-ның бірі – Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде белсенді түрде іске асырылады. Еліміздегі білім беру саласын дамыту және жаңғырту бойынша прогрессивтік реформалар ЖОО-ның материалдық-техникалық базасының кеңейтілуіне де, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік әлеуетінің жетілдіруіне де қатысты ірі өзгерістердің платформасы болып табылады.

Бүгінгі таңда университетіміз – мемлекеттік аттестациялау мен аккредитациялаудан өткен заманауи ірі ЖОО. Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті – аймағымыздағы білім мен тәрбие берудің, ғылым мен мәдениеттің басты орталығы. Университетте мұнайгаз өнеркәсібі, жол көлігі, машинажасау салалары үшін, сондай-ақ педагогика, құқықтану, экономика, ақпараттық жүйелер, стандарттау, қаржы, геология, экология, жылуэнергетика, құрылыс, коммуналдық шаруашылық және т.б. мамандықтары бойынша кадрларды дайындау іске асырылады.