Тәрбие жұмысы

«Педагогика» факультетінде тәрбие жұмысы «Тәрбие жұмысының Тұжырымдамасы» негізінде жүргізіледі. Басым бағыттар:1) Қазақстандық патриоттық тәрбие және азаматтық, құқықтық тәрбие; 2) Рухани-адамгершілік тәрбие; 3) Ұлттық тәрбие; 4) Отбасылық тәрбие; 5) Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие; 6) Полимәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие; 7) Танымдық тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі; 8) Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты тәрбиесі.

Аталған басым бағыттар бойынша дөңгелек үстел, семинар, тренинг, ашық тәрбие сағаттар, мәдени шаралар, танымал өнер майталмандарымен кездесулер ұйымдастырылады.

Факультет студенттерін шығармашылық жұмыстарға баулу, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Тағылым», психологиялық тұрғыда көмек беретін «Жан сыры» клубтары жұмыс жасайды. «Жан сыры» клубының ұйымдастыруымен «Дамыған медицина – ұлт денсаулығының кепілі» тақырыбында психолог мамандармен кездесу өтті. Кездесу мақсаты – жастардың бойындағы күйзелістің салдарын болдырмау, қиындықтардан шығу жолдарын іздестіру, алға мақсат қоя білу. Сонымен қатар, спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты күту жолдары айтылды. Психолог мамандар студенттерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап беріп, кездесу барысында психологиялық тренингтер жүргізілді.

«Маңғыстау» телеарнасының «Ел ертеңі» телехабарының кезекті түсіріліміне «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессорлары «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбында әңгіме жүргізді. Хабар облыстық телеарнадан 11-қараша күні көрсетілді. Университет білімалушылары арасында «Латын әліпбиіне өту – уақыт талабы» атты эсселер байқауы өтті. Байқауға университет бойынша 25 үміткер қатысты.

«Шет тілдер» мамандығының студенттері «Экспо – 2017» халықаралық көрмесіне қатысып, «Ең үздік еріктілер» алғыс хатымен марапатталды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлттық құндылықтар және зиялылық тәрбие мәселелері», «Біз Тәуелсіздіктің ұландарымыз!», «Латын әліпбиіне өту – уақыт талабы» атты эсселер байқауы өтті.

Факультетте Жастар ісі комитеті жұмыс жасайды. «ЖІК» мүшелері және «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Жылап қайттым өмірдің базарынан…» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кештің мақсаты, ақынның туындылары арқылы студенттерді әсемдікке, ұлтжандыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.

«100 жаңа есім» жобасы аясында «Ұлылардың ізімен» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ақын, республикалық дәрежедегі бірнеше жыр мүшәйраларының жеңімпазы, 1992 жылы республикалық «Студент көктемі» фестивалінің лауреаты, V және VI халықаралық «Шабат» фестивалінің дипломанты, Қазақстан Журналистер Одағының және Жазушылар Одағының мүшесі, «Кемпірқосақ», «Бекет Ата», «Сұрасаң руымды – Дәулеталы», «Жаздың ең соңғы күні», «Атажұрт» т.б. жыр жинақтарының авторы, Қазақстан Журналистер Одағының және Жазушылар Одағының мүшесі Р. Қосбармақ пен блогер, қоғам белсендісі У.Ерсайынұлы қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – білім алушыларды ақын шығармашылығымен кеңінен таныстыру, жастарға тәлім-тәрбие беру, Отанын, туған елін, жерін сүюге, өлеңді қадірлеуге шақыру.

Білім алушылар республикалық, облыстық деңгейде өткізілетін шараларға белсенді түрде қатысады. Жатақханаларда кезекшілік жұмыстарын жүргізеді.

«Астана қаласының 20 жылдығы» және «Ақтау қаласының 55 жылдығы» мерекесі қарсаңында студент қыздар арасында қалалық «Көктем Аруы – 2018» байқауы өтті. Байқауда Yessenov University «Жас өркен» студенттік театрының мүшесі География мамандығының 2 курс студенті Л. Джолмурзаева жүлделі 2 орынды иеленсе, облыстық «Абай оқулары» сайысынан Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенті Қ. Арғын Бас жүлдені жеңіп алды.

«Отпан тау» мәдени-мемориалдық кешенінде Республикалық «Амал – 18» мерекесіне арнайы шақырылған қонақтардың, Yessenov University оқытушылары мен «Отпан тау» мәдени-мемориалдық кешені қызметкерлерінің қатысуымен «Отпан тау – рухани дәстүріміздің негізі» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, дәстүрлі түрде тойланып келе жатқан жыл басы – Амал мерекесінің қасиеті мен дәстүрінен сыр шерту, насихаттау.

«Педагогика» факультетінің жылдық жоспарына сәйкес тәрбиелік, мәдени шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Өткізілетін шаралардың жас ұрпаққа берері мол.

Сұрағыңыз болса: