Оқу-әдістемелік бөлімі

Оқу-әдістемелік бөлімнің мақсаты – оқу-әдістемелік үрдісті басқару және оны оқу үрдісінің тиімділігі мен оқыту сапасын көтеруге ықпал ететін озық технологиялар мен құралдарды қолдану арқылы жүйелі түрде жетілдіру.
Оқу-әдістемелік бөлім жұмысының негізгі бағыттары – оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру, факультеттер мен кафедралардың жоғары білікті мамандар дайындау бойынша оқу және әдістемелік жұмыстарының барлық түрлерін үйлестіру, жаңа білім беру бағдарламалары мен инновациялық технологияларды енгізу.

Оқу-әдістемелік бөлімнің негізгі міндеттері:

• оқу-әдістемелік үрдісін ұйымдастыру;
• университетте шығарылатын оқу, оқу-әдістемелік әдебиетті жоспарлау, сараптамасын жүргізуді ұйымдастыру және баспадан шығаруға ұсыну;
• ҚР БжҒМ нормативтік-құқықтық құжаттары мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына, ректордың бұйрықтары мен өкімдеріне сәйкес оқу үрдісінің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі;
• факультеттер мен кафедралардың оқу және оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
• жаңа технологиялар мен оқыту әдістерін енгізу, оқу үрдісін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындауға қатысу;
• оқу-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар, жиналыстар ұйымдастыру және өткізу;
• оқу үрдісін басқаруды автоматтандыру бойынша жұмыстарын ұйымдастыру;
• түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша кафедралар мен факультеттердің қызметін үйлестіру;
• еңбек нарығының жағдайы мен тенденциялары туралы, түлектерге қойылатын талаптары туралы ақпаратты жинау, жалпылау, талдау және студенттерге ұсыну;
• мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған түлектерді жұмысқа бөлу процедурасынаықпал ету және ұйымдастыру (жеке бөлу);
• жұмыс берушілердің болашақта жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша түлектермен кездесулерін ұйымдастыру, бос орындар жәрмеңкесін, мастер-класстар, тренингтер, кәсіпорындар мен компаниялардың презентациясын өткізу;
• тәжірибе базаларымен келісім-шарт жасасу;
• барлық бағыттар мен мамандықтар бойынша іс-тәжірибелердің барлық түрлерінің өткізілуін талдау және бақылау.

Ақтау қаласы, 32 ш/а, Есенов университеті, 13 қабат, А13-02
87292 42 57 61 (162)
gulbarshyn.adambayeva@yu.edu.kz