Баспасөз қызметі

Tag

Әскери кафедра курсанттары “Инжиниринг” факультетінде бекітілген аумақты қысқы қоқыстан тазарту және абаттандыру бойынша сенбілікті ұйымдастыруға және өткізуге белсене қатысты. Әскерде тәртіп орнату бойынша қойылған барлық міндеттер нақты және үйлесімді орындалды.      
Read More
«Бизнес және құқық» факультетінде “Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне” арналған “Жаппай саяси қуғын-сүргін  құрбандары” ашық кураторлық сағат өтті. Осы кураторлық сағатта тарих үшін өте маңызды түрлі халықтардың Қазақстанға жер аударуына байланысты репрессия мәселелері қозғалды. Сондай-ақ, 10 жасқа толмаған репрессияға ұшыраған балалардың тағдыры сипатталды. Белгілі адамдардың, жазушылардың, халық қайраткерлерінің тағдыры баяндалды. Осындай “еске алу сабақтары”...
Read More
«Жастар жылы» аясында  Yessenov University Инжиниринг факультетінің техникалық мамандықтары үшін «КазТрансОйл» АҚ арасында  білімді және әлеуметтік аз қамтылған отбасылары студенттерін қолдау мақсатында келісім шарт жасалды. «КазТрансОйл» АҚ  басшылары студенттермен кездесіп, оларға болашақ маман ретінде үміттерін және қолдауларын ұсынды. Келісім шарт бойынша студенттер ақысы төленетін жазғы өндірістік тәжірибеден өтеді, теориялық білімдерін шыңдап, болашақта бітірушілік жұмыстарына бағыт...
Read More
Өскемен қаласында «Геология және пайдалы қазба кен орындарын барлау» мамандығында оқитын студенттердің пәндік олимпиадасында Yessenov University 3-курс студенті Жұмағазы Дана II-орынды иеленді. Олимпиадада бес жоғарғы оқу орындарынан он бес студент қатысты.
Read More
«Қазақстан тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлы ойшыл, ғұлама – Әл-Фарабидің даналық негіздері» атты университетішілік апталық өткізілді. Апталықтың мақсаты – 2020 жылы туғанына 1150 жыл толғалы отырған дүние жүзілік білім мен мәдениеттің екінші ұстазы атанған данышпан, адамзаттың ұлы ойшылы Әбу Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығын, тарихы мен тағылымын, маңызын өскелең ұрпаққа ашып көрсете отырып, жастарға Әл-Фараби мұраларының...
Read More
Геологтардың кәсіби мерекесіне байланысты шара өткізілді. «Геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау» мамандығының студенттері Бегилдинов Сағат пен  Аманқос Абыз  Құрық селосында ағаш отырғызу шарасына белсене қатысты. Шара әр қарай Хан-Шахар салтанат сарайында жалғасын тапты,  ол жерде ардагерлер геологтарды құттықтап, олардың еңбек жолындағы қызықтары және қиыншылығы  қатар жүретін  геология мамандығы жайында сырласты. Сонымен қатар кәсіби...
Read More
«Халықаралық қатынастар және туризм» кафедрасының аға оқытушыларының басшылығымен «Маңғыстаудың табиғи ескерткіштері» атты шара «Самал-Шерқала-Ақмыш» бағыттарымен өткізіліп, кафедра студенттері қатыстырылды. Шараның мақсаты – туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, оны аялауға тәрбиелеу. Осы шара аясында табиғи нысандар аумағына тазалық жұмыстары жүргізілді.
Read More
Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті. Республикалық студенттік пәндік олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Алдын-ала сырттай кезең қорытындысы бойынша Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының 3-курс студенттері Мавлешова Айкен, Тұрған Ақнұр, Қошқарбаев Бауыржан, аға оқытушы Құралай Ракатовна Аманчаеваның ғылыми жетекшілігімен «Алау» командасына шақырту алды. Ақтық кезеңде...
Read More
YESSENOV UNIVERSITY Теңіз академиясында «Теңіз техникасы және технологиясы» мамандығы бойынша студенттер арасында Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: 1) студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметін ынталандыру; 2) студенттердің кәсіби-тұлғалық әлеуетін, олардың өзіндік санасын, шығармашылық қабілеттерін ашу, өзін-өзі көрсету және өзін-өзі бекіту үшін жағдай жасау; 3) студенттердің азаматтық ұстанымын тәрбиелеу; «Теңіз техникасы және технологиялары»...
Read More
Атырау қаласында үшінші Халықаралық «Atyrau International Petroleum Olympiads» олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Қазақстан және Ресейдің 8 жоғары оқу орнынан 40 студент қатысты. Олар арнайы тренажер-имитататорларда зертханалық жұмыстарды орындай отырып, әртүрлі күрделі теориялық тапсырмаларды орындады. Қатысушылардың білімін TCO, NCOC, Schlumberger және басқа ірі компаниялардың жетекші мамандары бағалады. Бұл олимпиадаға университетіміздің «Мұнай және газ» факультетінің, «Yessenov University SPE...
Read More
1 14 15 16 17 18 62