Тағылымы мол дәріс

2018 жылдың 18 қыркүйегі күні ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Yessenov University-дің құрметті профессоры, ақын Есенғали Раушанов университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларына «Рухани жаңғыру және қазіргі қазақ әдебиеті» тақырыбында тағылымды дәріс оқыды.

Е. Раушанов тәуелсіз Қазақстанның жаһандану алдында ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін өз ана тілі мен әдебиетін ұмытпайтын, ұлттық кодын сақтаған, терең білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген ақыл-ойы кемел тұлға болуымыз өз қолымызда екендігін баса айтты.

Қазіргі қазақ әдебиеті, ұлттық рух, ұлттық қасиет  туралы дәріс өте қызықты да әсерлі өтті. Қатысушылар тарапынан тақырыпқа үлкен қызығушылық танылып, оқытушылар мен студенттер көптеген сұрақтар қойып, пікір алмасты. Дәріс оқытушылар  мен білім алушылар үшін өте маңызды әрі пайдалы болды.