Тәрбие

«Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық» факультетінде тәрбие жұмысы «Тәрбие жұмысының Тұжырымдамасы» негізінде жүргізіледі. Басым бағыттар:
1) Қазақстандық патриоттық тәрбие және азаматтық, құқықтық тәрбие; 2) Рухани-адамгершілік тәрбие; 3) Ұлттық тәрбие; 4) Отбасылық тәрбие; 5) Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие; 6) Полимәдениеттік және көркем-эстетикалық тәрбие; 7) Танымдық тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі; 8) Дене тәрбиесі және салауатты өмір салты тәрбиесі.

Аталған басым бағыттар бойынша дөңгелек үстел, семинар, тренинг, ашық тәрбие сағаттар, мәдени шаралар, танымал өнер майталмандарымен кездесулер ұйымдастырылады.

«Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық» факультетінің жылдық жоспарына сәйкес тәрбиелеудің негізгі бағыттары бойынша жоспарланған тәрбиелік, мәдени іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Олардың ішінде мыналарды атауға болады:

2016-2017 оқу жылы «Қазақстан тарихы жә ӘГП» кафедрасы ұжымының ұйымдастыруымен университет көлемінде «Қазақтың ұлт-азаттық көтерілісі: тарихтағы ақтаңдақ пен ақиқат» (1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығына арналған); Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуін талқылауға арналған; «Әлихан Бөкейханов және Алаш мұрасы» (Ә. Бөкейхановтың 150-жылдығына арналған) атты дөңгелек үстелдерге студенттер белсенді қатысты. Шараның мақсаты – Ұлы бабалардың ерлік істерінің бүгінгі ұрпақ үшін өнеге екенін ұғындыру, жастарымызды елжандылыққа, ерлікке, Отанын құрметтеуге тәрбиелеу.

Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеудегі мәні туралы өткізілген шаралар: «Қызды қырық үйден тию» (қоғамдағы қыз бала тәрбиесі) мәселесіне арналған пікір алмасу түрінде кураторлық сағат, «Қазіргі жастардың қызығушылығы және ұлттық тәрбие мәселесі» (дөңгелек үстел), «Арулар-асыл жандар» (дөңгелек үстел), «Қазақтың ырым-тиымдары және жастар» (ой толғау).

«Отаным менің-алтын бесігім», «Менің Қазақстаным!», «Арулар-асыл жандар» (8-Наурыз мерекесіне арналған мерекелік шара), «14-Наурыз-Көрісу күні», «Мемлекеттік тіл-ел бірлігінің басты көрсеткіші», «Үш тұғырлы тіл және білім алу кеңістігі», Шахмардан Есеновтің 90 жылдығына арналған «Есенов көктемі» тақырыбында «Студенттік көктем-2017» фестивалі сияқты тәрбиелік шараларды ұйымдастыру мен өткізуге кафедра ұжымы мен мен студенттері белсенді қатысады.

2016-2017 оқу жылы «Тілдік пәндер» кафедрасы ұжымының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру болашаққа бағдар» Елбасының мақаласы негізінде білім сабақтары (01.09.2017), ұстаздар күніне арналған «Учитель! Звучит гордо!» тақырыбында мереклік іс-шара (Куратор Каметова Р.М., РЯЛ-16-2 және РЯЛ-17-2 топтары, 06.10.2017), «Ұлттық тәрбиенiң негiзi – адамгершiлiк, еңбек тәрбиесi» тақырыбында әңгіме сұхбат (Куратор Купаева Г.Р., Мен-17-1, ГМУ-17-1 топтары, 10.10.2017), «Болашақ мамандығың туралы не білесің?» тақырыбында ашық кураторлық сағаты (Куратор Битикова А.И., НГД-17-1,2, ГРМПИ-17-1,2 топтары, 17.10.2017), «Тәуелсіздік тірегі – төл теңге» тақырыбында ашық кураторлық сағаты (16.11.2017) өткізілді. 22.11.2017ж. факультет студенттері Маңғыстау облысының жастар саясаты жөніндегі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған Халықаралық студенттер күніне «СТУДЕНТ КҮНІМЕН!» атты облыстық мерекелік шараға қатысты.

30.11.2017ж. күні топ кураторы А.И. Битикованың ұйымдастыруымен ГРМПИ-17-1,2 топтарында «Салтың мен қалпыңды сақтай біл» тақырыбында пікірсайыс, 30.11.2017ж. күні «Қарттарын ардақтаған ел ардақты» тақырыбында қайырымдылық-мерекелік кеші өтті. Факультет студенттері облыстық қартттар үйіне мерекелік іс-шара ұйымдастырып, шын жүректерінен дайындаған сыйлықтарын тарту етті. Қайырымдылық акциясының мақсаты: студенттерді адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу.

05.12.2018ж. күні «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбында дөңгелек үстел, «Тәуелсіз Қазақстан жетістіктері: ЭКСПО-2017» тақырыбында сұхбат өтті. Сонымен қатар 05.12.2018ж. күні «Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық» факультетінде «Тілдік пәндер» кафедрасының меңгерушісі Гүлбаршын Мінбарқызы Адамбаеваның ұйымдастыруымен «Көшбасшы бастамасы – болашаққа бағдар» тақырыбында университет студенттері мен ұстаздар қауымының «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамының әлеуметтік-әкімшілік департаменті директорының орынбасары, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі, «Нұр Отан» ХДП партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері Марат Бакбергенұлы Себасов пен кәсіпкер, отандық «QAZAQ» брендінің негізін қалаушы, Маңғыстау политехникалық колледжінің түлегі, АҚШ, Техас штаты, Хьюстон қаласында өз бетімен ағылшын тілін тереңдете оқыған, полиглот Сакен Алпысбайұлы Қаржаубаевпен кездесу өтті.

15.12.2018ж. күні «Қазақстан – тәуелсіз ел» тақырыбында әдеби-музыкалық кеші өтті.

Жыл сайын «Әлеуметтік-гуманитарлық дайындық» факультеті «Дене шынықтыру және спорт» кафедра мүшелері, студенттер, университет профессор-оқытушы құрамдары арасында спорттық жарыстар ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын қалыптастыруда көптеген жұмыстар жүргізілуде.

Ақтау қаласындағы «Мұнайшы» стадионының ашық алаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және Халықаралық студенттер күніне орайластырылған «Олимпиада ойындары дерлік» атты квест көңілді-спорттық ойындарынан жарыс өтті. Іс-шараны Маңғыстау облысының әкімшілігі ұйымдастырды, оған облыстың оқу орындарынан 10 команда қатысты.

Студенттер «шұжық тарту», «алып бәтеңкемен жүгіру», «үрлемелі сумо күресі» сияқты көңілді де қызықты квест-ойындарынан сайысқа түсті.

Ойын қорытындылары бойынша Ш. Есенов атындағы КМТИУ-нің командасы айқын басымдықпен озып шығып, тиісті кубок пен 50 000 теңгелік сертификаттың иегері атанды.

«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты және Ақтау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кубогі үшін оқу орындары арасында шағын футболдан жарыс өтті. Бұл ойынға Маңғыстау облысы бойынша оқу орындарынан 20 команда қатысты. Осы ойын барысында Ш.Есенов атындағы КМТИУ командасы айқын басымдылықпен 1 орынға ие болды. Қатысушыларға диплом, кубок және 100000 мың тенге ақшалай сыйлық берілді.

Профессор-оқытушы құрамы арасында дәстүрлі университет Спартакиадасы жыл сайын өткізіліп тұрады. Спартакиада волейбол, үстел теннисі, дартс, боулинг, бильярд спорт түрлерінен өткізіледі.

28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың аймақтық Алау эстафетасын алып жүруге Ш. Есенов атындағы КМТИУ-нен 35 студент қатысты. Соның 15 студенті «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері болды.

Жыл сайын өткізілетін «Студент көктемі – 2017» апталығы аясында жоғарғы, техникалық және кәсіптік оқу орындары арасында өткізілетін шағын футбол жарысынан КМТИУ құрама командасы 1 орынды иеленіп келеді.

2017 жылдың 4-10 қыркүйек аралығында Венгрия елінде, Будапешт қаласында жасөспірімдер арасында армрестлингтен 39-шы Әлемдік чемпионаты өтті. ФКС-17-5 тобының студенті Шолпанов Ыбырай, 65 кг салмақ дәрежесінде, екі қолдан қола жүлдегері атанды. Ол жарысқа 32 елден, 700 спортшы қатысты. Қазақстаннан 74 спортшы, соның ішінде Маңғыстау облысынан 3 спортшы қатысты.

2017-18 оқу жылында жоспарланған кафедра тәрбиелік іс-шарасы бойынша «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3-4 курс студенттері Облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылына барып спорттық шара өткізіп, сыйлықтармен марапаттады.

Өткізіліп жатқан барлық шаралардың жас ұрпаққа берері мол.