Студенттік өзін-өзі басқару

Есенов университетінің студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары ‒ Студенттік парламент, жатақхана студенттік кеңесі, «Жас Отан» жастар қанаты, факультеттер жастар ісі жөніндегі комитеті, еріктілер тобы оқу және университет өмірінің аса маңызды мәселелеріне байланысты студенттердің ұжымдық көзқарасын анықтап, жеткізеді, студенттік шаралар мен акцияларды ұйымдастырады, тәрбие үрдісіне белсене ат салысады.
Студенттік парламент – әр факультеттің университет өміріне белсене араласатын оқуда, спортта, ғылыми-ізденушілік және қоғамдық жұмыстарда жоғары деңгейдегі көрсеткіштері бар студенттерінен құралған өзін-өзі басқарудың жоғарғы ұйымы.
Студенттік парламенттің мақсаты – студент жастардың университет қоaғамдық өміріне тиімді араласуын қамтамасыз ету, олардың әлеуметті, интеллектуалдық, шығармашылық, рухани, экономикалық мүдделерін қанағаттандыру үшін қолайлы ортаны құру.
Студенттік кеңес – Есенов университетінің студенттік жатақханаларында тұратын белсенді жастарынан құралған ұйым.
Студенттік кеңестің негізгі міндеті жатақхана тұрғындарының «Жатақханада тұру Ережелерінің» талаптарын сақтауын қадағалау, сонымен қатар жатақхана өмірін жандандыру мақсатында мәдени іс-шаралар (спорттық, рухани, дебаттар, ойын-сауық кештері) ұйымдастыру.
«Жас Отан» Жастар Қанатының Есенов университетіндегі өкілдігі – өз қатарында жоғары азаматтық ұстанымы бар талапты жас патриоттарды біріктіретін ұйым.
«Жас Отан» ЖҚ міндеті – Студенттік парламентпен біріге отырып, жастардың қазастандық патриоттық және азаматтық жауапкершілік қасиеттерін одан әрі дамыту.
Есенов университеті студенттерінің Еріктілері – әр түрлі салада ерікті түрде қызмет түрлерін көрсетуге дайын студенттерден құрылған топ.
Еріктілер міндеті – халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына еріктілік көмек көрсету, әр түрлі деңгейдегі шараларда және «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша табиғатты қорғау, экологияны сақтау бағытындағы жұмыстарда ерікті қызмет көрсету.

Өзін-өзі басқару ұйымдары мүшесі болып университеттің оқу көрсеткіштері жоғары, белсенді студенттері сайлана алады.

Ақтау қаласы, 32 ш/а, Есенов университеті, 11 қабат, А11-06
+77292 42 57 65