Студенттік үй және асханалар

«Yessenov University»-ге сырттан келген студенттер мен магистранттар үшін 1082 орындық 3 жатақхана бар.
Студенттер 2 және 3 орындық бөлмелерде тұрады.
Жатақханаларда студенттердің оқып, тұрып, демалуына барлық жағдайлар жасалған.
Әрбір бөлмелерде санторап, жуынатын бөлме, электр пеші бар. Кір жуу және үтіктеу бөлмесі (4 автомат кір жуғыш машина орналастырылған), акт залы, буфет, оқу залы бар кітапхана, WI-FI желісі түрлеріндегі қызмет көрсету қарастырылған.
Жатақханаларға кіру электронды рұқсат арқылы жүргізіледі.
Университет барлық жатақхана қажет етушілерді орынмен қамтамасыз етеді, орналастыру жыл сайын 25-ші тамыздан басталады.

«Yessenov University»-дің білім алушылары мен қызметкерлері үшін барлық оқу ғимараттары мен жатақханаларында асханалар мен буфеттер жұмыс істейді:
Бас ғимаратта 150 орынға арналған асхана мен 60 орындық буфет;
№ 2 оқу ғимаратында 170 орындық асхана;
№ 3 оқу ғимаратында 50 орындық асхана;
№ 2 студенттік жатақханада 25 орындық буфет;
№ 3 студенттік жатақханада 25 орындық буфет.
Барлық асханаларда әртүрлі ас мәзірі ұсынылады.

Ақтау қаласы, 32 ш/а, Есенов университеті
+7 7292 42 57 65