Талантты арулар сайысы

20 наурыз күні Наурыз мерекесіне орай «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен талантты арулардың «Қыз сыны» байқауы өтті. Байқауға «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын студенттер қатысты.

Шара мақсаты – студенттердің ұйымдастырушылдық, шығармашылық, жаңашылдық қабілеттерін дамыту. Студенттердің дайындықтары жоғары деңгейде болды. Олар әдемі ұлттық киімдермен өздерінің шығармашылық қабілеттері мен білімін танытты.

Қазылар алқасының шешімімен 1-орын 2-курс студенті Хадиша Көптілеуоваға, 2-орын 1-курс студенті Алина Дауреноваға және 3-орын  2-курс студенті Айнаш Конусоваға берілді. «Көреремен көзайымы» аталымы бойынша 2-курс студенті Балзира Әзімова жеңімпаз атанды. Шара соңында қатысушылар дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.