Мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидалары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін кезең-кезеңмен жүргізу тәртібін айқындайды, сондай-ақ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізудің мақсаттары мен міндеттерін көздейді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізудің негізгі мақсаты Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтерді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықтау және қосу ретінде айқындалады.

Ш.Есенов атындағы КМТИУ мемлекеттік қызмет көрсетудің келесі түрлерін көрсетеді:
1) «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»;
2) «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету»;
3) «Шетелде оқуға конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, соның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде»;
4) «Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу
орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»;
5) «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»;
6) «Жоғары оқу орындарында білім алушыларға жатақхана беру»;
7) «Жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлері лауазымдарына орналасуы конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау», 2 бетте;
8) «Кешенді тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру»;
9) «Жоғары оқу орындарында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау»;
10) «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру»;
11) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына құжаттарды қабылдау және тағайындау»;
12) «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру»;
13) «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру».

Мемлекеттік қызмет көрсету