Педагогикалық жағдаят №1

Мектептен қайтып келе жатып үнемі сабаққа келмейтін сыныптасыңыздың көлік жуып жүргенін көріп қалдыңыз. Не істейсіз?

  1. Ештеңе көрмегендей сыңай танытып өтіп кетесіз: бұған не істейсің өмір осылай!
  2. Сыныптасыңызға жақындай келіп, көзіне тік қарап, сөйлемей бұрылып кетіп қаласыз.
  3. Жедел түрде сынып жетекшісіне айтып, жағдайды талқылау.
  4. Ұялы телефонға түсіріп алып, сыныптастарға көрсетесіз.
  5. Өз жауабыңыз.

Жауабыңызға түсініктеме беріңіз.

Педагогикалық жағдаят №2

Сіздің сыныбыңызда арнайы бағдарламамен оқитын мүмкіндігі шектеулі оқушы оқиды. Ал сыныптастары онымен сөйлеспек түгел оған мән де бермейді. Осы жағдаятқа қалай әсер етуге болады?. Бұл жағдайда қандай әрекет етер едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді негіздеп беріңіз.

Педагогикалық жағдаят №3

Оқушы мұғалімге: «Басқа балаларға қарағанда маған жақсы көзбен қарағаныңызды қалаймын, өйткені мен бәрінен де жақсы оқимын» – дейді. Мұғалім оқушыға таңқала қарап, ол үшін бәрі бірдей екендігін айтты. Сіз осы жағдаятты  қалай шешетін  едіңіз (не істер едіңіз? не айтар едіңіз? т.б ). Оқушының мұндай өтінішіне мұғалім қалай жауап беруі керек?

Педагогикалық жағдаят №4

7-сынып оқушысы үнемі тәртіп бұзады. Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшісі әңгімелескеннен кейін екініші рет қайталамауға уәде береді. Бірақ, есіктен шыға бере баяғысын тағы бастайды. Мұғалім мұндай жағдайда не істеуі керек? Бұл жағдайға қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз? Өз әрекетіңізді түсіндіріңіз?

Педагогикалық жағдаят №5

Сіз  отбасы  туралы   тақырыпта сабақ өтіп жатырсыз  және  ата-аналар  жайлы  әңгіме  қозғауыңыз  керек. Сіздің  сыныбыңызда ата-анасынан айырылған жетім бала оқиды.

Сіздің  әрекетіңіз?

  1. Мен ештеңе  өзгертпей ,  сабақ  жоспарына  сай  өткізуім  керек.
  2. Сабақты түсіндіремін,  бірақ  балаларға   сұрақ  қоймаймын.
  3. Алдымен сынып  контигенттін  (құрамын) анықтап  алып,  әңгімені  өзгертемін.
  4. Мүлдем ештеңе  де  айтпаймын. Шығармашылық   жұмыс  ұсынамын.
  5. Ата-ана туралы  әңгімені  айтамын.  Баланы  ащы  шындыққа  дайындаймын.
  6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №6

Серуен кезінде құмда ойнап отырған балалар  байқамай  Азаматтың күртешесін  бүлдіріп алды. Азаматтың қатты көңілі түсіп кетті.  Ол балалар әдейі істеді деп ойлады.  Ол ыңғайлы сәтін күтіп  отырып, балаларға ылғал құмды лақтырып жіберді. Нәтижесінде  балалардың барлық  киімдері лас болып  қалды. Балалардың ызалылығында   шек жоқ еді. Ал Азамат олардың  кешірім сұрамағандығын алға тартты. Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге  болады? Сіз мұндай жағдайда  қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңді түсіндір.

Педагогикалық жағдаят №7

Жеке әңгімелесу кезінде оқушы сынып жетекшісіне өз сыныптастарының өмірі мен денсаулығына төніп тұрған төтенше жағдайлар туралы құпия ақпаратты жеткізді. Бірақ мұғалім бұған аса көңіл бөлмеді және ешқандай әрекет жасамады. Соның салдарынан сыныптағы бірнеше оқушы зардап шекті. Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар (не айтар) едіңіз? Неліктен?

Педагогикалық жағдаят №8

Мұғалім өзін келемеждеген хатты жолдан ұстап алды. Астында оқушының аты-жөні жазылған. Осы жағдайдағы мұғалімнің іс-әрекетін көрсетіңіз?

  1. Хатты көрсетіп тұрып жыртып тастайды.
  2. Хат иесін жариялап, көркемдік шеберлігі үшін мадақтау.
  3. Бұған қалжыңмен қарау.
  4. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

 

Педагогикалық жағдаят №9

Сыныпта оқушылар шуынан шаршаған мұғалім ашуланып: «Мектепке не үшін келесіндер осы? Келгеннен кейін бірнәрсе үйреніп кету керек қой» деп, ұрысты.

Оқушылар: “Достарымызбен сөйлесуге келеміз ” деп бір дауыспен жауап берді.

Сіз осындай  жағдайда  не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?

Педагогикалық жағдаят №10

Биология пәнінің мұғалімі 10 сыныпқа сабаққа кірді. Оқушылар «Фототсинтез» тақырыбына дайындалған плакатты керісінше іліп қойды да, мұғалімнің қандай күйде болатынын күтіп отырды. Мұндай  жағдайда ұстаздың  әрекеті:

  1. Плакатты дұрыстап қойды.
  2. Сыныпқа ескерту жасап, кезекші оқушыға дұрыс ілуін талап етті.
  3. Қалжыңдай отыра, жымиып плакатты түзеп, сабақты жалғастырады.
  4. Сіздің өз жауабыңыз.

Таңдаған жауабыңызды түсіндіріңіз.

Педагогикалық жағдаят №11

Бақылау жұмысы кезінде оқушы дәретханаға сұранады.

Мұғалім:

  • Әрине шығып кел, бірақ телефоныңды қалдырып кет,-дейді.

Оқушы:

  • Жоқ, ата-анам телефоныңды қандай жағдай болмасын тастама деген, кім біледі қандай жағдайлар болатынын, деп жауап береді.

Сіз осындай  жағдайда  не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?

 

Педагогикалық жағдаят №12

Мұғалім оқушыларға «Дәптерлерлеріңді ашып, жазыңдар….» дейді. Мұғалім бір оқушының жазбай отырғанын көріп:

  • Неге жазбай отырсын? – дейді.

Оқушы:

  • Жазып не істеймін, мен мұқият тыңдап отырып, есімде сақтап аламын –деді.

Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?

 

Педагогикалық жағдаят №13

9 сынып оқушысы мүлдем сабақ оқымай, сәнді киімдерге, биге қызығатын болды. Ол өте ерке, сыныптағы оқушылардың ойымен мүлде санаспайды. Мұғалімдермен үнемі жанжалдасады. Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшісінің ол қыздың мінезін түзеуге деген мүмкіндіктері еш жүзеге аспады. Ата-анасы қызының мінезінде еш ауытқушылық жоқ деп, оның мұндай әрекеттеріне мектепті кінәлайды.

Осы жағдайды қалай түзеуге болады? Сіз қандай әрекет жасар едіңіз? Өз әрекетіңізді негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №14

Бірнеше оқушы сабаққа 15 минутқа кешігіп келеді. Мұғалімнің неге кешігіп жүрсіндер? деген  сұрағына, оқушы «Асханада болдық» – деп жауап берді. Нәтижесінде   мұғалім оқушыларды сабаққа кіргізбеді.

Сіз осындай  жағдайда  не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?

Педагогикалық жағдаят №15

Оқушы өзінің бақылау жұмысына қасындағы дос құрбысынан төмен баға алғанын көріп, жұмысы дұрыс бағаланбады деп ойлайды, соған ренжіп, мұғалімнің берген тапсырмасын орындамай қабағын түйіп, кітап дәптерлерін партадан итеріп тастап, көзі жасқа толып отыра береді. Бұны көрген мұғалім оқушыға:

  • Саған не болды, тапсырманы неге орындамайсың дейді? – Оқушы мұғалімге жауап бермей үндемей отыра берді.

Сіз бұл жағдаяттан қалай шығар едіңіз. Бұл жағдайда не айтар едіңіз? Не істер едіңіз? Неліктен?

Педагогикалық жағдаят №16

10 сынып оқушысы химия бөлмесіндегі шыны колбаны сындырып алады, сабаққа кірген бойда мұғалім колбанын сынғанын көріп, оқушының күнделігіне  ата-анасы колбаның ақшасын төлесін деп жазып жібереді. Оқушының ата-анасы ақша төлеуден бас тартады. Сіз бұл жағдаятта не істер едіңіз. Өз жауабыңыз. Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

Педагогикалық жағдаят №17

7-ші сынып оқушылары сенбілікте мектептің ауласын тазалап жүрді. Үзіліз кезінде сыныптағы Айдар: Мен  жата тұрайын үйде мұндай шаруа істемеймін, болды шаршадым дейді. Айдардан кейін оқушылардың барлығы жұмыс жасаудан бас тартады. Мұғалім оқушылардан жұмысты  аяақтауды сұрайды.

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге  болады? Сіз мұндай жағдайда  қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді  түсіндіріңіз.

Педагогикалық жағдаят №18

Сыныпта топтық жұмыс болып жатыр, топтық жұмысты әрдайым белсенді бір оқушы  басқарады. Басқа оқушыларда топтық жұмысты басқарғысы келеді, бірақ белсенді оқушы оларды келемеждеп, кедергі жасап, оларға мүмкіндік бермейді.

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге  болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді  түсіндіріңіз.

Педагогикалық жағдаят №19

Сіз сынып  жетекшісі  болып  жұмыс  жасайсыз. Сыныптағы  бір  оқушы  тарих  пәні  сабағына   қатысқысы  келмейтінін,  пән  оқытушысымен  қарым-қатынасының  бұзылғанын,  мұғалімнің    мұның  бағасын  үнемі төмендетіп    қоятынын  мәлімдейді.

Сіздің  әрекетіңіз:

  1. Оқушыға оның  қателесетіндігін  айтасыз.  Жақсылап  сабаққа  дайындалып  келуіне,  пән  мұғаліміне тіл  тигізбеуіне   және  тәуір  баға  алатынына  көзін  жеткізесіз.
  2. Пән мұғалімімен  әңгімелесесіз. Себебін  анықтайсыз.
  3. Пән мұғаліміне  тіл  тигізгені  үшін  оқушыға дауыс көтеріп ұрсасыз.
  4. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №20

Сіз мұғалімсіз. Үзіліс кезінде сыныптағы бір оқушы келіп сізге сыныптастары туралы мәлімет айтады: анау көп әңгіме айтады, анау көп сөз тасиды, бірін-бірі қалай мазақтайтындығын  айтты.

Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?

Педагогикалық жағдаят №21

Сіз 9-шы сыныптың сынып жетекшісі  болып тағайындалдыңыз. Сынып оқушылары  өз сыныбындағы бір оқушыға қарсылық жариялады. Сіз осындай  жағдайда  не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?

Педагогикалық жағдаят №22

Сізге 10 сынып оқушысының ата-анасы шағыммен келді, себебі сіздің жарты жылдыққа оқушыға қойған бағаңыз көңілдерінен шықпайды. Олар бағаның әділ қойылмағанын айтып, оған сізді кінәлайды.

Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?

Педагогикалық жағдаят №23

Сіздің сыныбыңызда екі сынып белсенділері бар, біреуі жақсы, екіншісі теріс мінезді. Сыныптың көп бөлігі теріс мінезді баланың ығында жүріп сонымен  араласады.

Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?

Педагогикалық жағдаят №24

Жаңа тақырып түсіндіру үстіндесіз. Кенет сіздің сөзіңізге сынып оқушылары мысқылдап күле бастады.

Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?

Педагогикалық жағдаят №25

Сіз сабақ түсіндіру үстіндесіз. Бір оқушы тақырыпқа байланысты бір сұрақ қояды. Бірақ сіз ол сұрақтың жауабын білмейсіз. Сіз осындай  жағдайда  не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?

 

 

Педагогикалық жағдаят №26

Сіз сынып жетекшілік атқарып жүрген сыныбыңыздағы оқушылардың тұрмыстық  жағдайлары әр түрлі, сынып  ішіндегі жағдайы жақсы балалар жағдайы төмен оқушыларды төмендететінін байқадыңыз.

Сіз осындай  жағдайда  не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?

Педагогикалық жағдаят №27

Сіздің сыныбыңызда мүмкіндігі шектеулі оқушы оқиды, сынып оқушылары онымен араласпай, сырт айналып кетеді.

Сіз осындай  жағдайда  не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?

Педагогикалық жағдаят №28

5 сыныпта  Шет тілі сабағы жүріп жатыр.  Мұғалім қол көтерген балаға кітаптағы мәтінді оқуын сұрайды. Бұл оқушы тұтығып сөйлейтін бала еді, ол қобалжыған сайын одан әрі тұтыға түседі. Сыныптағылардың біреуі төмен қарап мысқылдап, бір оқушы ашық келемеждеп күле бастайды. Ал оқушы қиын сөздерді ары қарай  қорқа оқи береді.

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге  болады? Сіз мұндай жағдайда  қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді  түсіндіріңіз.

Педагогикалық жағдаят №29

Айжан 3 балалы отбасында тәрбиеленуде. Анасы оларды жалғыз тәрбиелеп отыр.  Айжан өз заттарына  дәптер, кітаптарына өте ұқыпты қарайды. Бірде сыныптасы Мирас өз  дәптерінің таза парақтарын жұлып, ұшақ жасап жатқанын көрді. Неге дәптердің парағын жұлып жатырсың, ол ақша тұрады ғой?! – дейді Айжан.

Менде парақ көп, маған бәрібір, қаласам әкем тағы алып береді- деді Мирас. Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге  болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.

Педагогикалық жағдаят №30

Сіз жетекші болып отырған сыныпта діни нанымдарға байланысты жанжал туындады.

Сіз не істейсіз?

  1. «Халықтар достығы» тақырыбында тәрбие сабағын өткіземін.
  2. Ата-аналармен әңгіме жүргіземін.
  3. Ештеңе болмағандай жүре бересіз.
  4. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №31

Дәурен 5 жаста балабақшаға жаңа костюммен келді. Костюм сыртында, түймесінде де жұлдызшалар бар екен. Түймелері балаларға қатты ұнайды. Біраз уақыттан кейін тәрбиеші костюмінде бірде-бір түймесі қалмағанын көреді.

  • Түймелерің қайда?- деп сұрады.
  • Мен балаларға сыйладым,-деп жауап береді Дәурен.
  • Бұлай жасауға болмайды ғой, анаң ұрсатын болды?
  • Жоқ анам ашуланбайды, себебі ол үнемі «Сараң болуға болмайтынын айтады»- деп сенімді жауап берді Дәурен.

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге  болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді  түсіндіріңіз.

 

 

Педагогикалық жағдаят №32

9 сынып оқушысы сыныпта мұғаліммен әңгімелесіп отырып, оған: «Маған басқа оқушыларға қарағанда басқаша қарым-қатынас жасауыңызды қалаймын», – дейді. Осы жағдайдағы мұғалімнің іс-әрекеті:

  1. «Мен неге басқа оқушыларға қарағанда саған басқаша қарым-қатынас жасауым керек?».
  2. «Мен жақсы көру, бөліп алу деген ойындарды ойнағым келмейді!».
  3. «Маған сен сияқты арызданушы адамдар ұнамайды».
  4. «Мен неге сені басқа оқушылардан ерекше бөліп қарауым керек, соны білгім келеді?».
  5. «Егер мен сені басқа оқушылардан гөрі ерекше көрем десем сен өзіңді жақсы сезінетін бе едің?».
  6. «Қалай ойлайсың, менің шын мәнінде саған қарым-қатынасым қалай?».
  7. Өз жауабыңыз.

Жауабыңызды түсіндіріңіз.

 

Педагогикалық жағдаят №33

Сыныптағы бір оқушы сыныптасын  ұнатпайды,  онымен бірге жұмыс жасағысы келмейтінін ашық айтады. Мұғалімнің  іс-әрекеті:

  1. «Онда тұрған не бар?».
  2. «Бірге жасауға тұра келеді, амал жоқ».
  3. «Бұл сенің тарапыңнан ақымақтық».
  4. «Осы жағдайдан кейін ол да сенімен жұмыс жасағысы келмейді».
  5. «Сенікі дұрыс емес деп ойлаймын».
  6. Сіздің өз жауабыңыз.

Өз жауабыңызды негіздеңіз.

 

Педагогикалық жағдаят №34

Бала қиын отбасында тәрбиеленуде: баланы әжесі жалғыз өсіріп жатыр, әкесі жоқ, ал анасы маскүнем. Бірінші сыныпқа бала оқуға деген зор ынтамен келді, бірақ мұғалім оған дұрыс көзқараспен қарамады. Егер сыныпта бір жағдай болса үнемі сол кінәлі болды. 3 сыныпқа келгенде оған «қиын бала» деген ат берілді.

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге  болады? Сіз мұндай жағдайда  қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.

Педагогикалық жағдаят №35

15 жастағы ұл бала жалғыз анасының тәрбиесінде өсті. Отбасы шағын ауылда  тұратын. Соңғы жарты жылдықта ұл баланың сабағы күрт төмендеп кетті, кей кезде сабаққа да бармайтын, тіпті кешкісін  үйге қонбайтын болған.

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге  болады? Сіз мұндай жағдайда  қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді  түсіндіріңіз.

Педагогикалық жағдаят №36

Отбасында екі бала тәрбиеленуде. Біреуі 14 те  болса,  екіншісі 8 де. Әкесі жанұясында көп ішеді. Ішіп келіп балаларына дөрекі сөйлеп, аналарын ұрады. Үйдің үлкені  қыз бала отбасындағы жағдайды мұғаліміне айтады. Мұғалім оқушысының айтқанын әлеуметтік педагогқа  айтып, қыз баланың отбасы жайлы бүкіл мектеп мұғалімдері біледі. Қыз бала сол жағдайдан кейін мектепке баруды қысқартады.

Сіз бұл жағдайда не істер едіңіз, жағдаяттан қалай шығасыз?. Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

Педагогикалық жағдаят №37

Орта буын сыныптарындағы оқушылардың тәртіптерінің нашарлауы (үзілістегі қыз балалардың төбелесуі, сабақ үстінде әңгімелесіп отырулары) олардың үлгерімдеріне қатты  әсер ете бастады. Сынып жетекшілері бірнеше сыныптағы балалардың мінез-құлқындағы өзгерістерді әлеуметтік педагогқа баяндады.

Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?

Педагогикалық жағдаят №38

Педагог  ұялы телефон қолынан түспейтін оқушыға: Ұялы телефонды дыбыссыз режімге қойыңыз не болмаса өшіріңіз дейді. Оқушы болса – мен олай жасай алмаймын, себебі мен ватсапта отырмын. Мен ешқашан телефонсыз жүре алмаймын, ұйықтасамда телефонмен бірге ұйықтаймын дейді.

Сіз осындай  жағдайда  не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?

Педагогикалық жағдаят №39

Сіз 9-шы сыныптың жетекшісісіз. Сіз бір апта оқушыларды бақыладыңыз, бұл оқушылармен жұмыс жасау қиын екенін білдіңіз. Олар жеке-жеке топ болып бөлініп алған, сынып жетекшісін елемейді де. Педагог сабақ аяқталғаннан кейін оқушыларды мектеп өмірін қалай қызықты және көңілді өткізуге болатыны жайындағы жиналысқа келулерін сұрайды. Жиналысқа сабақтан кейін тек жуас, сабақта тыныш отыратын оқушылар ғана келді. Бұл педагогты  ашуландырды, өте ыңғайсыз жағдайға қалдырды.

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге  болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді  түсіндіріңіз.

 

Педагогикалық жағдаят №40

Мұғалім: «Сенде екілік баға көп  және сабақтан көп қалғансын. Тоқсанның аяғыда таяп қалды. Сабаққа қатысып, оқуды қашан қолға аласын?».

Оқушы: «Бас қатырудың қажеті  қанша? Бәрібір жылдық бағаға өздеріңіз үшін 3 қойып бересіздер. Мектепке артта қалған оқушылар керек емес қой».

Сіз осындай  жағдайда  не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?

Педагогикалық жағдаят №41

Екі ата-ана балалары жайында әңгімелесіп отыр. Біреуі мақтана қызына әкесі екеуі компьютер сыйлағанын айтты. Ал екіншісі оның дұрыс емес екенін айтты: «Бекер алып бердіңдер, енді компьютер алдында сағаттап отыратын болады, көруі нашарлайды, өмірге бейімделмеген, жан-жақты болмайды», – деп кесіп айтты. Сұраққа жауап таңдаңыз:

  1. Қазір компьютерсіз жүру мүмкін емес.
  2. Компьютер ол ақпарат көзі.
  3. Компьютер баланың денсаулығына зиян.
  4. Компьютер бала психологиясына әсер етуі мүмкін.
  5. Компьютер дұрыс пайдаланса өте пайдалы құрал.
  6. Сіздің шешіміңіз.

Компютердің пайдасы мен зияны туралы өз жауабыңызды негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №42

Сіздің сыныптасыңыз сынып бөлмесін тазалаудан бас тартты. Ол фортепианада ойнауды үйреніп жүргенін, саусақтарын құртып алуы мүмкін екенін айтты. Осы жағдайдағы сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Қандай амалмен болса да оны қатыстырам.
  2. Қолына швабра беріп еденді жууға күштеп көндірем.
  3. «Сен басқалардан артық емессің. Неге қалғандары сен үшін істеу керек», – деп айтам.
  4. Қолына шүберек беріп, жай ғана жеңіл  сүртуін сұраймын.
  5. Сіздің шешіміңіз.

Өз жауабыңызды негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №43

Сұлтанды балабақшадан алуға бүгін анасы келді. Ол анасына қуанышпен «Ана, ал біз бүгін құс жасадық!»

Анасы: Неге сенің киімің су деп сұрады?

Сұлтан: Тәрбиеші менің жақсы жасағанымды айтты.

Анасы: «Қанша айтам саған – киіміңді және қолбағыңды жылытқышқа жайып қой  деп».

Сұлтан: Үйге барып тағыда осындай құс жасап көремін!

Анасы: Енді осы су киіміңмен барасың.

Сұлтан үндеместен киіне бастады.

Анасының қателігі неде? Осы жағдайға  қалай ықпал етуге болады. Өз жауабыңызды негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №44

Сіз – сынып жетекшісіз. Ата-аналар сыныпқа соңғы үлгідегі компьютер сыйлап, оқу жылының аяқталғанын атап өтуді ұсынды. Осы жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Сыйлықты қабылдап, шақыруға келісем.
  2. Сыйлықтан бас тартып, бірақ шақыруды қабыл алам.
  3. Бәрінен бас тартып, ата – аналармен әңгіме өткізем.
  4. Шақырудан бас тартам, бірақ сыйлықты қабыл алам.
  5. Сіздің шешіміңіз.

Өз жауабыңызды негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №45

Спонсорлар мектеп мерейтойының құрметіне, ең үздік оқушыларға сыйақы ретінде  3 туристік жолдама бөлді. Қалай және қандай принциптер бойынша сіз үміткерлерді  таңдайсыз:

  1. Білім алушылар арасында конкурс өткізіп, нәтижесінде жолдама бөліп берем.
  2. Мектеп жиналысына сынып старосталарын шақырып, өз сыныбындағы оқушылардың оқу үлгеріміне қарай бөліп берем.
  3. Сынып жетекшілеріне үміткерлердің тізімін беруін сұраймын.
  4. Өз ойыңыз. Өз ойыңызды талдаңыз.

Педагогикалық жағдаят №46

Жаңа сабақ түсіндіру барысында мұғалім, артқы жақтан бір дыбыс шыққанын байқады. Кім екенін білген ол…..

Оз жауабыңызды таңдаңыз:

  1. Кедергі жасаған балаға келіп, ескерту жасаймын.
  2. Тез арада ата – анасын шақыртам.
  3. Күнделігіне ескерту жазам.
  4. Шыдамдылық танытам.
  5. Өз ойыныз.

Өз жауабыңызды негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №47

Сіз сынып жетекшісіз. Сыныбыңыз химия сабағының өту барысы ұнамайтынын ашық түрде басқа сабақтарда айтып отыр. Осы жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз:

  1. Мектеп әкімшілігінен мұғалімді ауыстыруын сұраймын.
  2. Осы жағдайдан шығудың шешімін іздеймін.
  3. Оқушылардан сабақтың не себепті ұнамайтынын сұраймын.
  4. Сіздің ойыңыз.

Өз жауабыңызды негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №48

Мектепке жаңа география мұғалімі келді. Сабақ сұрау барысында ол бір оқушыға жауабына төмен баға қояды. Келесі күні сол қыздың сынып жетекшісі келіп: кешегі төмен баға оқу озатына қойылған екен, ата-анасы шағымдану үстінде  деп түсіндіреді.

  1. Оқушының ата – анасымен сөйлесіп кешірім сұраймын.
  2. Оқушы алдында кешірім сұраймын.
  3. Мектеп әкімшілігіне шешімін табуды ұсынамын.
  4. Сіздің ойыңыз.

Өз жауабыңызды негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №49

Сіз 1-сынып жетекшісісіз. Сынып оқушылары төбелесіп қалды. Осы жағдайда сіздің әрекетіңіз:

  1. Ата – аналар жиналысын жасап осы мәселені талқылаймын.
  2. Сынып жиналысын ашып, бейбіт жолмен шешемін.
  3. Психологты, инспекторды, сынып жетекшісін шақыртамын.
  4. Сіздің ойыңыз.

Өз жауабыңызды негіздеңіз.

 

Педагогикалық жағдаят №50

Сіз бастауыш сынып мұғалімісіз. Сіз оқушыларды үшінші сабақ біткеннен кейін асханаға апару керексіз. Барлық оқушылар екі – екіден қатарға тұрып, асханаға баруға дайын. Бірақ бір оқушы барудан бас тартуда. Сіздің осы жағдайдағы іс-әрекетіңіз:

  1. Оқушыны басқа сыныпта мұғалімнің қарауында қалдыру.
  2. Күш қолдану арқылы оқушыны сыныптан басқа оқушылармен бірге шығару.
  3. Оқушыны жалғыз сыныпта қамап кету.
  4. Өзініздің жеке пікіріңіз…

Өз жауабыңыздың дәйектемесі.

Педагогикалық жағдаят №51

Сіз бастауыш сынып мұғалімісіз және сіздің сыныбыңызда қиын оқушы бар. Ол басқа оқушылардың заттарын жиі сұраусыз алады. Бір күні осы оқушы өзгенің ұялы телефонын сұраусыз алып, үйіне алып кетеді. Сіздің осы жағдайдағы іс-әрекетіңіз:

  1. Қиын оқушының ата-анасына хабарласасыз.
  2. Оқушыны мектеп психологына апарасыз.
  3. Барлық сыныптың көзінше оқушыны ұрлық жасады деп жала жабасыз.
  4. Өзініздің жеке пікіріңіз.

Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

Педагогикалық жағдаят №52

10-шы сынып оқушысы өзінің дәрігер болғысы келетінін мәлімдеді. «Бұл жауапты мамандық, мен халыққа өзімнің көмегімді көрсеткім келеді». Бұл мамандықты нақты таңдауға жеткілікті себеп пе? Өз пікіріңізді түсіндіріңіз.

Педагогикалық жағдаят №53

Оқушы физика пәніне жиі қатыспайды. Сабақ барысында оқушы мұғалімге «Мен сіздің сабағыңызды түсінбеймін, сондықтан сіздің сабағыңызға қатыспадым» деп айтады. Мұғалімнің оқушының сөздеріне іс-әрекеті: «Сенің бұл қылығыңа саған екі қоямын». Сіздің осы жағдайдағы іс-әрекетіңіз? Өз пікіріңізді білдіріңіз.

 

Педагогикалық жағдаят №54

Қоңырау соғылып, сабақ басталды. Мира және Гүлжайна сабаққа 10 минут кешігіп келеді және мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіріп, өз орындарына отырады. Мұғалім оларға «Сендерге кім сыныпқа кіруге рұқсат берді? Бұл не деген тәрбиесіздік?» деп өзінің қарсылығын білдіреді.

Сіздің осы жағдайдағы іс-әрекетіңіз қандай? Өз әрекетіңізді түсіндіріңіз.

Педагогикалық жағдаят №55

Сөйлеуінде кемшілігі бар оқушы  қатты абыржып, жауап бере алмай тұр. Оның жауабын естіген оқушылар, күле бастады. Бірақ ол сабаққа жақсы дайындалып келген, қойылған сұрақтың жауабын да біледі. Осы жағдайға қалай ықпал етер едіңіз? Сіздің әрекетіңіз қандай болар еді?

Берген жауабыңызды негіздеңіз (неге сүйендіңіз).

 

Педагогикалық жағдаят №56

Сабақ басталып кеткен, бірақ сыныптағы оқушылар шуылдап отыр. Сыныптың назарын сабаққа қалай аударып тыныштандыруға болады. Сіздің әрекетіңіз:

  1. Үстелді тықылдату.
  2. Сыныптың алдында бірнеше минут үнсіз тұру.
  3. Сынып кезекшісін шақырып, тақтаны тазалауын өтіну.
  4. «Сабақ басталды!» деп айғайлау.
  5. Өзіңіздің нұсқаңыз.

Берген жауабыңызды негіздеңіз (неге сүйендіңіз).

Педагогикалық жағдаят   №57

Үй тапсырмасын тексеріп отырған мұғалімге оқушылардың бірі келіп, «Дәптерімді үйге тастап кетіппін», – деді. Мұғалімнің әрекеті:

  1. Тағы да ма?
  2. Менің ойымша, сенде жауапкершілік жоқ.
  3. Сен ұқыпты оқушысың, келесі жолы мұқият бол.
  4. Үнемі үйде ұмытып кетуіңнің себебін ойлан.
  5. Өзіңіздің нұсқаңыз.

Берген жауабыңызды негіздеңіз (неге сүйендіңіз).

Педагогикалық жағдаят   №58

Сіз 10-шы сыныпта сабақ өткізіп жатырсыз. Оқушылардың бірі ұялы телефонындағы музыканы қосты, яғни сізді тыңдағысы келмейтінін ашық көрсетті. Сіздің әрекетіңіз:

  1. Көңіл аудармайсыз.
  2. Сыныптан шығарып жібересіз.
  3. Телефонын тартып аласыз.
  4. Өзіңіздің нұсқаңыз.

Берген жауабыңызды негіздеңіз (неге сүйендіңіз).

Педагогикалық жағдаят   №59

Сіз бастауыш сынып мұғалімісіз. Сыныбыңызда жағдайы төмен отбасының баласы оқиды. Бір күні ол сабаққа тозған аяқ киіммен келді. Кейбір сыныптастары мазақтап күлді. Сіздің әрекетіңіз:

  1. Күлген оқушылармен сөйлесіп, олай жасауға болмайтындығын түсіндіремін.
  2. Көңіл аудармай өз ісіммен шұғылдана беремін.
  3. Кінәлілерді директордың кабинетіне апарамын.
  4. Өзіңіздің нұсқаңыз.

Берген жауабыңызды негіздеңіз (неге сүйендіңіз).

Педагогикалық жағдаят №60    

Кейбір ата-аналар брендтік киімдерге, балаларының сыртқы киіміне  көп көңіл бөледі.  Бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Мұндай ата-аналармен және балалармен қандайда бір жұмыс жүргізу қажет пе?

Өз жауабыңды түсіндір.

 

Педагогикалық жағдаят №61   

Мұғалім оқушының  сабақ үстінде  ұялы телефонды кітап астына тығып алып, біреумен хат жазысып отырғанын байқайды.  Мұғалім ызаланып, телефонды жұлып алады да, оқушының ата-анасын мектепке келуін  талап етеді.               Осы жағдайдағы мұғалімнің мінез- құлығына талдап жасаңыз. Сіз мұндай жағдайда не істер едіңіз? Өз әрекетіңізді түсіндіріңіз?

Педагогикалық жағдаят №62  

Ән сабағының мұғалімі мектепте бірінші жыл жұмыс істейді. Ол 4 сыныптың сынып жетекшісі. Осы сыныпта оның сабағы басталды. Ол орындыққа отыра бергенде, кенет бір оқушы орындықты  тартып жіберіп, мұғалім құлап қалады.

Осы жағдайда мұғалімнің іс – әрекеті:

  1. Оқушыны алаңғасарлығы үшін жазалайды.
  2. Оқушыға кешірім сұратады.
  3. Қалжың ретінде қабылдайды.
  4. Сіздің жауабыңыз.

Өз жауабыңды түсіндір.

Педагогикалық жағдаят №63 

10  сынып оқушысы химия бөлмесіндегі шыны колбаны  сындырып алады, сабаққа кірген бойда  мұғалім колбанын сынғанын көріп,оқушының күнделігіне  ата-анасы колбаның ақшасын төлесін деп жазып жібереді. Оқушының ата-анасы ақша төлеуден бас тартады. Сіз бұл жағдаятта не істер едіңіз.Өз жауабыңыз. Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.

 

Педагогикалық жағдаят №64      

Сіз сынып жетекшісі болып естелетін сыныптағы бір оқушы  мектеп бітіру кешіне бармайтынын айтады. Бұл оның  отбасы жағдайына байланысты екенін сіз білесіз.

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге  болады? Сіз мұндай жағдайда  қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді  түсіндіріңіз.

Педагогикалық жағдаят №65 

Максат даярлық тобында,тәрбиешісі баланы мақтап тұрады, бірақ анасы үнемі баласына көңілі толмайды. Бала берілген тапсырмаларды баяу орындайды. Анасы оны жалқау деп санайды. Орындаған  жұмыстарын үнемі  қайта жасатып, түзетіп отырады. Максат анасына “Жасай алмаймын, қолымнан келмейді, одан да ойнайын”- деп жауап береді. Анасы алаңдап: “Қанша ойын ойнауға болады? Мүмкін оны мақтау керек шығар? Бірақ не үшін?”

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге  болады?  Сіз мұндай жағдайда  қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді  түсіндіріңіз.

Педагогикалық жағдаят №66  

Анасы баласына жаңа аяқ киім (кеды) сатып алып береді. Бірақ  біраз күннен кейін бала үйге аяқ киімсіз  келді. «Жаңасын алу керек» – дейді ол анасына.

  • Менің аяқ киіміммен балалар үзілісте футбол ойнап, қайда тастағанын білмеймін, барлығымыз іздедік бірақ таппадық, – дейді.

Анасы баласын  осы үшін жазалайды.

Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге  болады?  Сіз мұндай жағдайда  қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді  түсіндіріңіз.

Педагогикалық жағдаят №67  

Сізді бастауыш сынып оқушыларына жетекші етіп тағайындады. Шәкірттеріңізбен алғашқы кездесуді жоспарлаңыз.

  1. Бірінші кездесу жоспарын құру.
  2. Бастауыш сынып оқушыларымен танысу, олардың қызығушылықтары мен жетістіктерін анықтау.
  3. Мектеп жетістіктері мен ерекшеліктері туралы әңгімелеп беру.
  4. Мектепте және мектеп ауласында саяхат ұйымдастыру.
  5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған жауап нұсқасын негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №68

Сіз үй жұмысын орындауды ұмытып кеттіңіз. Бүгін мұғалім сізден үй жұмысын сұрайтынын да білесіз.

Осы жағдайда сіз қалай жасайсыз?

  1. Сіз үй жұмысын жасамағандығыңызды шынымен мойындайсыз.
  2. Сіз үй жұмысын жасағыңыз келмегендігін айтасыз.
  3. Мұғалімге үй жұмысын келесі сабақта сұрауын өтінесіз.
  4. Партадағы көршіңізден көшіріп аласыз.
  5. Сіздің жауап нұсқаңыз.

Жауап нұсқаңызды түсіндіріңіз.

Педагогикалық жағдаят №69

Жаңа жылдық ертеңгілікке Арсен бас рөлді ойнағысы келді. Бірақ мерекеге үш күн қалғанда Арсен ауырып қалды және оның орнына қандай да бір тапсырманы орындағысы келмейтін ерке бала Санжарды шақырады. Санжар рөлге жақсы дайындалды. Мерекеге бір күн қалғанда Арсен балабақшаға келіп, «Ал мен ше?» деген сөзімен өзінің рөлін қайтадан сұрайды. Бұл жағдайда тәрбиеші не істеуі керек?

  1. Рөлді Санжарға беруі тиіс.
  2. Рөлді Арсенге беруі қажет.
  3. Екеуінің де ойнауына рұқсат беруі керек.
  4. Рөлді топтағы үшінші балаға беруі қажет.
  5. Рөлді сценарийден алып тастау қажет.

Жауап нұсқаңызды дәлелдеңіз.

Педагогикалық жағдаят №70

Айгерім балабақшадағы ертеңгілікке дайындалып, ән/өлең жазды. Бірақ іс-шара ұзаққа созылып кетпес үшін, оның нөмірін қысқартады. Ертеңгілік біткеннен кейін Айгерім жылап қалды. Қызының ренжігенін көріп, анасы жанжал шығарды. Тәрбиешінің әрекетін сипаттап беріңіз.

  1. Тәрбиеші Айгерімге оның номерінің міндетті түрде келесі ертеңгілікке кіргізетінін түсіндіруі және анасынан кешірім сұрауы қажет.
  2. Ұжым іс-шараны өткізу барысында уақытты ретке келтіруді үйренуі керек.
  3. Түсіндіру жұмыстарын өткізу қажет.
  4. Тәрбиеші Айгерімнің анасына мұндай жағдайдың енді қайталанбайтыны туралы уәде беруі тиіс.
  5. Өз жауаптарыңыздың нұсқасы.

Жауапты  дәлелдеңіз.

Педагогикалық жағдаят №71

Мұғалім оқушыға мәтінді оқуды өтінеді. Бала кекештенеді, тұтығады. Балалар күле бастады. Не істеу керек?

  1. Баланы күлкі қылу және оның жауап беруіне мүмкіндік бермеу.
  2. Егер алғашқы сөз осындай қиындықтар туғызса, онда мұғалімнің бұған зейін аудармай, өзінің оқығаны дұрыс.
  3. Оқушыны жұбату, сонда жақсы оқи бастайды.
  4. Өз жауаптарыңыздың нұсқасы.

Жауапты  негіздеңіз.

 

Педагогикалық жағдаят №72 

Сабақта соңғы қатардан хат беріледі. Оқушылар оны үнсіз оқып, төбеге қарап, мырс-мырс күледі. Мұғалім хатты көріп, оны алып қояды, ашады және «төбеге қара» деген хабарламаны көреді. Ол да төбеге қарайды, осы уақытта сынып жаппай күледі.

Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз? (не істейсіз, не айтасыз және т.б.).

Педагогикалық жағдаят №73

Мақсат алыс ауылда көпбалалы отбасында тұрады. Ата-аналары оған 11 сыныпты бітіруге және орта білім жөніндегі аттестат алуға мүмкіндік бермеді. Отбасына жұмыс қолы керек, сондықтан ары қарай оқу мүмкін емес және ол туралы сөз қозғаудың қажеті де жоқ еді. Бірақ Мақсат оқуын жалғастыруды және оқытушы дипломын алуды армандайды. Сіз оның арманының орындалуы үшін оған қандай ақыл-кеңес беретін едіңіз? Өз жауабыңызды негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №74

Жоғары сынып оқушылары географияны оқытудың сапасына көңілдері толмай, сабақта бұл жайлы ашық айтады. Наразылықтан қалжыраған жас мұғалім жол табады: «Жақсы, – дейді ол, келесі сабаққа өздеріңіз келесіздер. Өздеріңе «мұғалім» таңдаңыздар, қалай болатынын көреміз».

Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз және неліктен? (не істейсіз, не айтасыз және т.б.)

Педагогикалық жағдаят №75

Соңғы сабаққа келгенде мұғалім сыныптың бос екенін көрді. Оқушылар қашып кеткен. Бұл жағдай тағы да қайталанбас үшін не істеу керек?

  1. Ата-аналар жиналысын шұғыл өткізу және оқиғаны талқылау.
  2. Сынып жиналысын өткізу.
  3. Тәртіпті бұзушыларды мектеп директорына алып бару.
  4. Оқиғаның себептерін байсалдылықпен ойлау: мүмкін оған оқушы емес, Сіз себепкер болдыңыз.

Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз және неліктен? (не істейсіз, не айтасыз және т.б.).

Педагогикалық жағдаят №76

Сіздің сыныптың терезесі қызу тіршілік өтіп жатқан көшеге қарайды, адамдардың дауысы, мотордың гуілі мен дүрілі үнемі оқушыларды алаңдатады. Осы тітіркендіргіштерге оқушылардың алаңдамауы үшін Сіз не істер едіңіз?

Педагогикалық жағдаят №77

Сіз кіші мектеп жасындағы балалармен бірге циркке немесе кинотеатрдың балалар сеансына бара жатырсыз. Осы жағдайда Сіз қандай қиындықтарға кездесуіңіз мүмкін? Болашақ педагог тұрғысынан өзіңіздің әсеріңізді сипаттаңыз.

Педагогикалық жағдаят №78

Сабақта бірнеше оқушы телефондағы ойындарды ойнап отыр. Педагогтың ескертуіне былай жауап қайтарады: «Сіздің пәніңіз бізге керек емес. Ол өмірде пайдаға аспайды».

Осы оқушылармен диалог құрыңыз.

Педагогикалық жағдаят №79

Ойлап қараңыз, Сіз компьютер, интернет және қазіргі заманғы гаджеттер … болмаған уақытқа тап болдыңыз. Сізге мерекелік іс-шараны ұйымдастыру қажет. Өз әрекетіңіздің барысын жоспарлаңыз.

Педагогикалық жағдаят №80

Сіз педагог мамандығын шығармашылық мүмкіндігіне, өзіңмен және қоршаған әлеммен үйлесімде болу бақытына қарай таңдадыңыз. Педагогикалық өсиет жобасын құрастырыңыз:

1) «Егер мен педагог болсам, мен ешуақытта  ………………………………………  жасамаймын».

2) «Егер мен педагог болсам, мен барлық уақытта  ……………………………………..  боламын».

3) «Педагог болу – бұл яғни ……………………………………………………………………………………….»

Педагогикалық жағдаят №81

Тыңдау біліктілігі – мұғалімнің негізгі сапасы. Оқушылардың мұғалімге білімді бағалау кезіндегі кең таралған шағымы: «Ол мені тыңдамады, барлық уақытта алаңдады». Сіздің пікіріңізше, «жақсы тыңдау» деген не? Жақсы тыңдаушы қандай болуы мүмкін?

Педагогикалық жағдаят №82

Ұлы педагогтардың пікірінше, тәлімгерді таңдау төтенше маңызды мәселе болып табылады. Тәлімгерді қандай белгілер бойынша таңдауға болатынына сипаттама беріңіз.

Педагогикалық жағдаят №83   

Сізге «Педагогтың шеберлігі» тақырыбы бойынша интервью алу қажет. Интервью үшін үлгі сұрақтарды құрастырыңыз.

Педагогикалық жағдаят №84    

Сіздің сыныпта әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан оқушы оқиды және сыныптастары оны айналып өтуге және онымен қатынас жасамауға тырысады. Сіздің осы жағдайдағы әрекетіңіз және ұсынысыңыз.

Педагогикалық жағдаят №85     

Сыныпта ата-аналар жиналысында балалар үшін ата-аналар арасында кикілжің туындады. Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз және неліктен? (не істейсіз, не айтасыз және т.б.).

Педагогикалық жағдаят №86  

Мұғалімдер оқушылар белсенділілерімен әдебиеттен пәндік кеш дайындады, алайда алдын-ала берілген хабарландыруға, шақыруларға қарамастан бұл кешке ешбір оқушы келген жоқ. Сұрақ: Бұл іс-шараға оқушыларды қалай жұмылдыру керек еді?

Педагогикалық жағдаят №87  

10-шы сынып оқушыларының бірі Сіздің көзіңізше  өзге әріптесіңіздің, яғни мұғалімнің әрекетіне жағымсыз баға берді. Мұндай жағдайда Сіз қандай әрекет етесіз және неліктен?

Педагогикалық жағдаят №88  

Өзіңізді Білім және ғылым министрі деп елестетіңіз. Білім сапасын жақсарту үшін қандай іс-әрекеттер жасар едіңіз?

Педагогикалық жағдаят №89 

Сынып жетекшісі әрі пән мұғалімі ретінде мектеп мұғалімінде қандай мәселелер (қиындықтар) болады? Мектеп директоры болсаңыз – оларды болдырмау үшін не істер едіңіз?

Педагогикалық жағдаят №90    

Ауылдық жерде өскен қыз баланың отбасы отбасының жағдайына байланысты қалаға қоныс аударды. Қыз бала қалалық мектептің тоғызыншы сыныбында оқуын жалғастырды. Киім кию мәнері, адами қасиеттері жағынан қалалықтардан айырмашылығы бар сыныптастары оны қабылдамады. Қыз бала жалғызсырап оқуын оқымай, өзімен-өзі оқшаулана бастады. Ол бұған дейін үздік оқушы болатын. Сынып жетекшісі қандай әрекет жасауы керек?

Педагогикалық жағдаят  №91   

Оқушылар үнемі сіздің сабағыңызға кешіккендерімен қоймай, өзгелерге де кедергі келтіріп, сабақ өту барысын бұзады. Бұл жағдайдағы сіздің іс-әрекетіңіз қандай? Оқушылардың кешігуін, сіздің ойыңызша, қалай тоқтатуға болады?

Педагогикалық жағдаят №92     

Бірінші сынып оқушыларымен жұмыс жүргізу барысында мұғалім балалардың заттары жоғала беретіндігін байқады. Бұл жағдай сынып оқушылары арасында сенімсіздік пен күдікшілік атмосферасын дамытып, шағымдардың көбеюі мен үрейлену жағдайын тудырды. Мұғалімге басқалардың затын кім меншіктеніп жүргенін анықтап, жоғалған заттарды табу қажет. Мұғалім орнында сіз не істер едіңіз?

Педагогикалық жағдаят №93    

Мектептегі кәсіби еңбегіңіздің бірінші жылында Сіз «қиын» оқушыға кезіктіңіз. Өзіңіздің жұмысыңызды жоспарлаңыз.

Педагогикалық жағдаят №94   

Оқушы сабаққа деген қызығушылығын жоғалтып барады. Өздігінен күресу балаға қиын, күнделігінде тек «екіліктер». Пән мұғалімі ретінде Сіздің әрекетіңіз?

Педагогикалық жағдаят №95

Сегізінші сынып оқушылары түгел сынып сағатын елемеуге келісті. Бұл туралы оқушылардың ата-аналары сынып жетекшісіне айтады. Мұғалім ойланып қалды… Бұндай жағдайда сынып жетекшісіне не істеу қажет?

 

 

Педагогикалық жағдаят №96   

Егер де сіз сынып жетекшісі болсаңыз, жоғары сынып оқушыларымен   Қазақстанның Тәуелсіздік  мерекесін өткізу шарасына  байланысты жұмыс жоспарыңызға  нені енгізер  едіңіз?.

Педагогикалық жағдаят №97    

Өзіңізді мұғалім рөлінде келесі жағдайда елестетіңіз.

Оқушы өз сыныптастарының біреуіне нашар қарым-қатынасты ашық көрсетіп: «Мен онымен бірге тапсырманы орындағым келмейді» дейді. Сіз осы жағдайға қалай жауап қайтарасыз (қалай жасайсыз, не істейсіз, не айтасыз? және басқ.) және неліктен?

  1. Не болар дейсіз? Ешқайда бара алмайсың, бәрібір де орындауға тура келеді.
  2. Бұл сенің жағыңнан – ақылсыздық.
  3. Мен сенен бәрібір де тапсырманы орындауға кірісуді өтінемін!
  4. Сіздер ұсынылған тапсырманы бірігіп жақсы орындай аласыз.
  5. Мен тапсырманы орындау үшін ұсынылған жұпта біріккен жұмысты маңызды деп есептеймін.
  6. Неліктен оқушы өз сыныптасымен бірігіп жұмыс жасағысы келмейтіндігін анықтауға тырысамын.
  7. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №98   

Оқушы үй тапсырмасын орындамаған күндері әрқашан мұғалімге әртүрлі сылтаулар айта береді. Бұл жағдайда мұғалім қандай әрекет етуі керек?

  1. «Міне, тағы да!»
  2. «Бұл жауапсыздықтың көрінісі сияқты емес пе?»
  3. «Саған іске салмақтылықпен қарайтын кез келді деп ойлаймын».
  4. «Айтшы, неге әрқашан осы жағдай қайталана береді?»
  5. «Мүмкін, сенің оқуға мүмкіндігің болмаған шығар?»
  6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған нұсқаңызды негіздеңіз.

 

Педагогикалық жағдаят №99  

Сіз сабақ беріп тұрсыз, сынып жұмылып жұмыс жасап отыр. Сабақ ортасында бір оқушы күтпеген жерден орнынан тұрып, есікті қатты жауып, сыныптан шығып кетті.

  1. Мұғалім осы жағдайда не істеуі керек?
  2. Сабақты бөліп сіз оның артынан барасыз ба?
  3. Ешқандай жауапсыз сабақ ты жүргізе бересіз бе?
  4. Басқа оқушыларға жұлқынасыз ба?
  5. Себебін анықтау үшін, сабақтан соң оқушымен әңгімелесесіз бе?
  6. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдаған жауап вариантын негіздеңіз.

Педагогикалық жағдаят №100    

Сізден параллель сыныптағы ауырып қалған әріптесіңіздің орнына сабағын алмастыруыңызды өтінді. Сабақ барысында Сіздің әріптесіңіз өткен сабақты оқушылардың дұрыс меңгермегені анықталды. Бұл жағдайда сіз не істер едіңіз және неге олай істер едіңіз (қандай әрекет жасар едіңіз, не істер едіңіз, не айтар едіңіз және т.б.)?

  1. Өткен тақырыпты қайталау түрінде қысқаша түсіндіріп, содан соң жаңа сабақты өтуге кірісемін.
  2. Бұл сағатты өткен сабақты толық түсіндіруге арнаймын.
  3. Сабаққа түсінбегеніне қарамастан берілген тақырып бойынша сабақты өткіземін.
  4. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.

Таңдап алған жауабыңыздың нұсқасын негіздеңіз.