«Ұлылардың ізімен» атты дөңгелек үстел өтті

«Педагогика» факультетінің жанынан құрылған Жастар ісі Комитетінің ұйымдастыруымен «100 жаңа есім» жобасы аясында «Ұлылардың ізімен» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге ақын, республикалық дәрежедегі бірнеше жыр мүшәйраларының жеңімпазы, 1992 жылы республикалық «Студент көктемі» фестивалінің лауреаты, V және VI халықаралық «Шабат» фестивалінің дипломанты, Қазақстан Журналистер Одағының және Жазушылар Одағының мүшесі, «Кемпірқосақ», «Бекет Ата», «Сұрасаң руымды – Дәулеталы», «Жаздың ең соңғы күні», «Атажұрт» т.б. жыр жинақтарының авторы, Қазақстан Журналистер Одағының және Жазушылар Одағының мүшесі Рахат Құсайынұлы Қосбармақ пен блогер, қоғам белсендісі Уайс Ерсайынұлы қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – білім алушыларды ақын шығармашылығымен кеңінен таныстыру, жастарға тәлім-тәрбие беру, Отанын, туған елін, жерін сүюге, өлеңді қадірлеуге шақыру.