Yessenov Language Center

YESSENOV LANGUAGE CENTER  –   Yessenov University-дің пилоттық жобасы, оның мақсаты – ағылшын тілін үйретудің халықаралық стандарттарын енгізу арқылы университеттің ПОҚ мен студенттері үшін, сондай-ақ Маңғыстау облысының халқы үшін олардың тілдік дайындықтарын арттыруға жаңа мүмкіндіктер құру.

Ли Хадлстон Орегон университетінің магистратурасын бітірген, Орегон университетінің Американдық ағылшын тілі институтының оқытушысы. 2014 жылы Ли Микронезиядағы Бейбітшілік корпусында оқытушы ретінде қызмет атқарған. Лидің ғылыми қызығушылығы ағылшын тілін үйретуде әдебиетті қолданумен байланысты, сонымен қатар ағылшын тілінде сөйлесуге  уәждемелеу, студенттердің  қызығушылықтары мен әдебиет арасында байланыстар орнату.

Зак Патрик Райли Орегон университетінің магистратурасын бітірген, CELTA сертификатының иегері, 2009 жылдан бері ағылшын тілін шетелдік ретінде  оқытады. Бразилияда сабақ берген, ағылшын тілінің мұғалімдері үшін тренингтер өткізген және Орегон университетінің Қолданбалы Лингвистика Орталығында (CASLS) зерттеулер жүргізген. Зак сондай-ақ  Cambridge ауызша емтихандарын қабылдаушы. Ғылыми қызығушылығы: ағылшын тілін оқытуда айтуды (дыбыстау) үйрету және онлайн-ресурстарды қолдану.