Шет тілі: екі шетел тілі

Мамандықтың сипаттамасы:
«Шет тілі: екі шет тілі» мамандықты меңгерген түлек педагогикалық, тәжірибелік, зерттеушілік, ұйымдастырушылық, басқарушылық,әлеументтік-педагогикалық, оқыту-технологиялық қызметін атқаруға дайын болу тиіс. Білім берудің халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес бакалавр негізгі және кәсіби дайындығы жоғары болып, шетел тілінде мәдениетаралық деңгейде қарым-қатынас жасай алуға қабілетті болу керек.
Оқудың артықшылығы:
«Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының оқу бағдарламасы университет қабырғасында ерекше жүргізіледі.
• білім беру (педагогикалық): білім алушылардың басқа тілді құзыреттіліктерінің қалыптастырылуына қойылатын халықаралық стандарт деңгейін ескере отырғандағы екі шетел тілінің мұғалімі ретінде
• экспериментальды-зерттеушілік: ғылыми-әдістемелік әдебиетпен танысу, басқа тілді білімнің жетекші тәжірибесімен танысу, оны қорытындылау және оның нәтижелерін оқу үдерісіне енгізе отырып, тәжірибелер жүргізу;
• ұйымдастырушылық-басқарушылық: түрлі деңгейдегі басқа тілді білім мазмұнын жоспарлау; оқу-білім үдерісін ұйымдастыру және өткізу тәсілдерін анықтау; басқа тілді құзыреттіліктердің қалыптастырылу сапасы менеджменті мен мониторингі;
• әлеуметтік-педагогикалық: дамыған көзқарасы және ойлау қабілеті бар полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру;
• оқу-технологиялық: ақпараттық сауаттылық; оқу үдерісінде заманауи технологияларды (сонымен қатар шет тілдерін оқытудың мультимедиялық құралдарын) меңгеруі және пайдалануы.
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
«Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы аясында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында «Lingua» студенттік үйірме жұмыс жасайды.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру нәтижесі — студенттердің олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және де басқа да ғылыми іс шараларға қатысуы және де көп жеңімпаз студенттердің санын арттыруына әкелді.
«Шет тілі: екі шет тілі» мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
• білім беру туралы жалпы адамзат құндылығы ретінде,
• ерекше қоғамдық құбылыс ретінде тіл туралы,
• шетел тілінің тілдік жүйесі тұтастай тарихи қалыптасқан құбылыс,
• тіл мен мәдениеттің өзара байланысты,
• тілдің коммуникативтік табиғаты туралы,
• шетел тілінің қазіргі кездегі түрлі мәдениет әлемінде алатын рөлі туралы түсінігі болуы қажет.
• мәдениетаралық қарым-қатынас жасау қабілетін қамтамасыз ететін оқушының әлемнің инофондық бейнесін оқып жатқан тілдің көмегімен көрсете алатын екінші тілді меңгерген тұлға ретіндегі қасиетін қалыптастыруға бағыттай отырып, өзінің кәсіби қызметін педагогикалық, психологиялық және әдістемелік тұрғыда дұрыс жүзеге асыру;
• оқушы тұлғасының индивидуалдық ерекшеліктерін зерттей білу;
• өзін-өзі бағалау және оқушылардың рефлексивтік қабілетін қалыптастыру іскерліктерін меңгеру;
• оқу үрдісін ұйымдастыруда қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып және шетел тілін меңгерудің обьективті заңдылықтары негізінде өзінің кәсіби іс-әрекеттерін жоспарлау;
• халықаралық стандарт талаптарына сай бақылай-түзету механизмін қолдану;
• сабақ барысында әрбір оқушының мүмкіндіктерін ашуға жағдай туғызатын, оқушының көңіл-күйін, оның шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілетін, басқалармен әлеументтік қарым-қатынас жасай алу икемділігін дамытуға ынталандыратын жағымды психологиялық ахуал туғызу;
«Шет тілі: екі шет тілі» мамандығына байланысты негізгі және мамандандырылған шетел тілінен дайындығына сәйкес төмендегідей кәсіби қызметін атқара алады:
-ағылшын және неміс тілдерінің мұғалімі
-ағылшын және француз тілдерінің мұғалімі
-мамандандырылған мектеп мұғалімі (шетел тілдерін тереңдетіп оқытатын және бірқатар пәндерді шетел тіліне оқытатын мектептер)
-техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде шетел тілдері мұғалімі ретінде кәсіби іскерлігін жүзеге асырады

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандың шифры: 5В011900
Академиялық дәрежесі: Шет тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім бакалавры
Таңдау пәні: Шет тілі
Профильдік пәні: Тарих
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
443 300 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Педагогика психология негіздері
Профильдік пәні:
Ағылшын тілі
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Университет қабырғасында табысты білім алуым нәтижесінде халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінде ерікті қызметін атқардым және үздік ерікті атағына ие болдым. Салауатты өмір салтын насихаттаймын, баскетбол спорт түрімен айналысамын


Соколов Еламан

Мектеп қабырғасында оқыған жылдарымнан өлең жазуға қызығамын. Қалалық және облыстық жас ақындар мүшайраларына қатысып, жүлделі орындарға ие болдым. Қазіргі кезде факультеттегі «Жастар ісі» комитетінің мүшесімін, университетте оқып жүрген кезімде осы оқу орнының гүлденуіне өз үлесімді қосып жүрмін

Аметов Ақарыс

Сұрағыңыз болса: