Туризм

Мамандықтың сипаттамасы:
«Туризм» – қазіргі заманның жетекші мамандығы қатарына жатады, еліміз үшін алатын орны ерекше. Соңғы жылдары жұмыс пен демалысты бірге алып жүретін азаматтар санының артуына байланысты туризм саласында түрлі бағдарлама жасалған.
Туризм – бұл саяхат, шетелге шығу, мәдениетпен танысу секілді ықпалдармен жұмыс жасайтын мамандық. Туризм мамандығы бір сөзбен айтқанда бизнеспен айналысудың бір түрі. Осы мамандық иелері жұмыс жасай отырып демалып та үлгереді.
Оқудың артықшылығы:
«Туризм» мамандығының оқу бағдарламасы бойынша университет қабырғасында студенттер шет тілін (ағылшын тілі) еркін меңгереді.

Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
Қажетті икемділіктер мен дағдыларды игеру үшін факультетте арнайы аудиториялар жасақталған.
Жоғарғы оқу орнын таңдау кезінде талапкерлер үшін ең басты жағдайлардың бірі әскери кафедраның болуы. Әскери кафедрада білім алу жастардың әскери дайындықтан өтуінің басты құралы болып табылады. Әскери кафедрада оқу бұл запастағы әскери офицер қатарына тіркелуге берілген тамаша мүмкіндік.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру нәтижесі – студенттердің олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және де басқа да ғылыми іс шараларға қатысуы және де жеңіпаз студенттердің санын арттыруына әкелді.
2016 жылы сәуір айында Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ІХ Республикалық пәндік олимпиадасында туризм мамандығы бойынша Тур-14-1 тобының студенті Сұлтан Қ. ІІІ-ші орын алып, дипломмен марапатталды.

«Туризм» мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
Студенттер төрт жылдың ішінде ең бастысы – айналаға байыппен және тиімді тұрғыдан қарай білуді, оның ақиқатын түсінуді және туристік бизнестегі әрбір сөздің қадірін ұғынуды үйренеді. Университет түлектері келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:
• Ұйымдастыру-басқару
• Өндірістік-технологиялық
• Білім беру (педагогикалық)
• Туристік- рекреациялық
• Сервистік- эксплуатациялық
• Ғылыми- зерттеу
• Профилактикалық және іздеу-құтқару

Туризм мамандығы бойынша қызмет көрсету бакалавры келесі компанияларда қызмет атқара алады:
– Туристік кәсіпорындардың маркетингтік қызметтерінде
– Туристік саладағы консалтингтік компанияларда
– Туризм бизнесімен айналысатын мемлекеттік және жеке компанияларда
– Туристік кәсіпорындармен байланысты мемлекеттік басқару ұйымдарында
– Туризм бойынша орта дәрежелі мамандар дайындайтын оқу орындарында
– Ішкі және сыртқы нарыққа туристік қызметті ұсынудағы жарнамалық агенттіктерде
– Туризмнің әр түрлі инфроқұрылымдарының салаларында

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандың шифры: 5В090200
Академиялық дәрежесі: Туризм мамандығы бойынша қызмет көрсету бакалавры
Таңдау пәні: Шет тілі
Профильдік пәні: География
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
342  900 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
География
Профильдік пәні:
Туризм қызметін ұйымдастыру
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Июнь-айы ұлы Қарағанды қаласында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде өткен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ІХ Республикалық пәндік олимпиадасында Туризм мамандығы бойынша ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталдым. Осы жеңісім болашақта өлкеміздің туризмін дамытып, оны әлемге танытатын маман болуыма ықпалын тигізеді

Сұлтан Қазбек

Студенттік Парламент депутатымын.Ш.Есенов атындағы КМТИУ жанынан құрылған «Жас Отан» Жастар Қанатының төрағасымын. Мен университетіміздің барлық шараларына белсене қатысамын. Осы алған тәжірибем болашақта еліміздің белсенді жастар қатарынан көрінуіме мүмкіндік беретініне сенемін

Арзен Әсет

Сұрағыңыз болса: