Аударма ісі

Мамандықтың сипаттамасы:
Мамандықтың кәсіби қызметінің салалары: әкімшілік-басқарушы сала; білім беру және ғылым саласы; мәдениет және мәдениаралық коммуникация саласы; халықаралық қатынастар саласы; баспа жұмысы саласы; бұқаралық ақпарат құрал саласы; ақпараттық-аналитикалық сала мамандықтың кәсіби қызметінің объектісі: мәдениет және халықаралық бөлімдері, түрлі ақпараттық-аналитикалық қызметтер, елшілік, өкілдік, министрлік, туризм агенттігі, баспа үйі, аударма бюросы және т.б. ұйым-мекемелер.
Оқудың артықшылығы:
• аудармашылық (әр түрлі жанрдағы мәтіндер мен құжаттарды жазбаша аудару, келіссөздерде, халықаралық кездесулерде, конференцияларда ауызша аударма жасау);
• ұйымдастырушылық (әр тұрғыдағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, кәсіби және қоғамдық ұйымдарды құру);
• өндірістік-басқарушылық (отандық, шетелдік және бірлескен кәсіпорындар мен ұйымдардың тиісті бөлімшелерінде басқару және кәсіби міндеттерді атқару (әр түрлі аудармалар);
• ақпараттық-аналитикалық (әлеуметтік-саяси талдау жүргізу, іскерлік хат-хабарлар, есептер, шолулар, жағдаяттық болжамын жасау, аудармаларды редакциялау);
• ғылыми-зерттеу (практикалық материалды жинап, өңдеу, аударматану және мәдениаралық коммуникация мәселелері жөнінде баяндамалар мен мақалалар әзірлеу).
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
«Аударма ісі» мамандығы аясында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында «Lingua» студенттік үйірме жұмыс жасайды.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру нәтижесі — студенттердің олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және де басқа да ғылыми іс шараларға қатысуы және де көп жеңімпаз студенттердің санын арттыруына әкелді.
«Аударма ісі» мамандығының толық курсын аяқтаған студенттердің қабілеттері:
-шет тілін қатынас құралы ретінде және қатынастың ауызша және жазбаша формаларын: жазылым, айтылым, оқылым, тыңдалым қатынастың ресми және бейресми жағдайларында қолдана алу керек. Аудармашы республикадағы өзге мемлекеттермен ғылыми-мәдени, сыртқы саяси, сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асыратын ұйымдарда; экономиканың әр салаларында, халықаралық туризм жүйесі мен ақпараттық-талдау қызметі мен агенттіктерінде кәсіби жазбаша (толық және қысқаша) және ауызша (ілеспелі) аударма жасау тиіс.
«Аударма ісі» мамандығын бітірген студенттер келесі компанияларда қызмет атқара алады:
— аударма бюросы
— халықаралық компаниялар
— елшіліктер мен консулдықтар
— шетелдік өкілдіктер
— административті-басқару саласы
— білім және ғылым саласы
— мәдениет және мәдениаралық қарым-қатынас саласы
— халықаралық қатынас саласы
— ақпараттық-сараптама саласы
— жазбаша аударма
— ауызша аударма
— ілеспе аударма және басқа салаларда

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандың шифры: 5В020700
Академиялық дәрежесі: Аударма ісі мамандығы бойынша білім бакалавры
Таңдау пәні: Шет тілі
Профильдік пәні: Тарих
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
443 300 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Қазақ немесе орыс тілі
Профильдік пәні:
Шет тілі
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Университет мен үшін мол тәжірибе орны болып есептеледі. Оқытушыларымның қиын еңбегі мен шынайы маман иелері екендігіне сенімімді және сүйіспеншілігімді білдіремін. Осы 4 жыл білім алу барысында биік белестерден көріндім. Университет көлемінде шараларға белсенді қатысамын, «Студенттік көктем» фестивалында бірінші орынға ие болдым, сондай ақ Астана қаласында өткізілген халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінде ерікті қызметін ойдағыдай атқардым

Амангелді Алма

Қоғамдық жұмыстарға қатысу – мен үшін өте маңызды. Университет аумағында өткізілетін барлық іс-шараларға белсене қатысуға тырысамын. «Көп тіл білу – заман талабы» республикалық полиглоттар форумына қатысып, жүлделі орын алдым. Бұл шара менің жаңа жетістіктерге жетуіме жол ашты



Бекесов Мейірман

Сұрағыңыз болса: