Технологиялық машиналар мен жабдықтар

Мамандықтың сипаттамасы:
Технологиялық машиналар мен жабықтар мамандығы қазіргі таңда өзекті және қажетті мамандықтардың бір түрі. Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандығы халық шаруашылығының барлық саласына қажетті құрал-жабдықтарға қызмет көрсету, сапалы өнім өндіру үшін арнайы шаралар әзірлеу, техника қауіпсіздігін, экологиялық қауіпсіздікті сақтай отырып жұмыс тиімділігін арттыру, машиналардың жұмыс жасау қабілеттілігін тексеру бағытында білім береді.
Оқудың артықшылығы:
Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандығының оқу бағдарламасы университет қабырғасында бір бағыт бойынша жүргізіледі:
• Технологиялық машиналар мен жабдықтар.
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандығы аясында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру мақсатында «Машина жасаушылар» студенттік үйірме жұмыс жасайды. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру үшін олимпиадалар, конкурстар, конференциялар ұйымдастырылып, басқа да ғылыми іс шараларға қатысуға мүмкіндік беріледі.
Академиялық ұтқырлық бойынша студенттер «Проф д-р Асен Златаров» университетімен келісім шартқа сәйкес Болгария мемлекетіне жарты жылдық мерзімде білім алуға да мүмкіндік бар.
Оқудағы жетістіктеріне қарай студенттер «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Құрманғазы Петролум» ЖШС, «Тасболатойл» ЖШС т.б. компанияларының оқу гранттарын ұтып алып, білімдерін ұштай түсуде.
«Технологиялық машиналар мен жабықтар» мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
Студенттер төрт жылдың ішінде ең бастысы — заманауи білім беру технологияларын пайдалана отырып, теорияны заманауи практикамен байлыстыру; жалпы инженерлік техникалық пәндердің негізгі заңдарын меңгеру, сонымен қатар технологиялық машиналарды жобалау, құрылымдау, жасау және пайдалану кезінде қажетті болатын теориялық білімді, біліктілікті меңгеру, профильдік пәндерді меңгеруге дайындау.
Студенттер бітіргеннен кейін: механикалық жабдықты пайдаланудың заманауи әдістерін; технологиялық машиналар мен жабдықтарға қызмет көрсететін жұмысшының негізгі құқықтары мен міндеттерін; технологиялық машиналар мен жабдықтарды пайдаланумен байланысты жұмыстарды рационалды және қауіпсіз жүргізу бойынша негізгі талаптарын; жұмыс қарқындылығын арттыруға арналған компьютерлік құралдарын; ауқымды жұмысты механизациялаудың заманауи жағдайы мен даму жолдарын; технологиялық машиналар мен жабдықтар пайдалану кезінде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әдістерін; технологиялық жабдықтарды жөндеу әдістері мен түрлерін; технологиялық машиналар мен жабдықтарды таңдау мен пайдалануды регламенттейтін нормативтік құжаттарын; өндірістік процесстерді бақылаудың электрондық техникасы және өлшеу аспаптары, құралдары мен жүйелерін; кәсіпорын және саланың экономикасы, еңбекті ғылыми ұйымдастыруды.
Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандары келесі компанияларда қызмет атқара алады:
– машина жасау зауыттары
– мұнай-газ өнеркәсіп кәсіпорындары
– ғылыми-зерттеу және жобалау институттары
– отандық және шетелдік ірі мұнай және газ компаниялары
– ғылыми зерттеу институттары
– ғылыми-өндірістік орталықтар
– құрлықта және теңізде мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау компаниялары
– мұнай-газ тасымалдау және сақтау компаниялары
– мемлекеттік мекемелер және т.б.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 5B072400
Академиялық дәрежесі:
Технологиялық машиналармен жабдықтар мамандығы техника және технология бакалавры
Таңдау пәні: Физика
Профильдік пәні: Математика
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
346 600 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Физика
Профильдік пәні:
Машина бөлшектері
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Унивеситетте алған білім негізінде «Университет қабырғасындағы білім мен ғылымды дамытудың өзекті мәселелері» атты студенттердің облыстық ғылыми-тәжірбиелік конференциясында 2 дәрежелі орынды алуыма, ал «Shakhmardan Yessenov Foundation» ғылыми-білім беру Қоры мен «Bonas Magfarline Education» алдыңғы қатарлы британ тіл мектебінің оқу грантын жеңіп шығуыма себепші болды

Нұр Наурызбай

Қара шаңырағымыз университетте білім нәрімен сусындай отырып, «Университет ішілік эстафета» атты спорттық ойын жарысына белсене қатысып, командалық жарыста І орын алдым. Осы жетістіктеріммен мақтанамын




Тлеуханов Ілияс

Сұрағыңыз болса: