Технологиялық машиналар мен жабдықтар

Мамандықтың сипаттамасы:
Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандығы қазіргі таңда өзекті және қажетті мамандықтардың бір түрі. Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандығы халық шаруашылығының барлық саласына қажетті құрал-жабдықтарға қызмет көрсету, сапалы өнім өндіру үшін арнайы шаралар әзірлеу, техника қауіпсіздігін, экологиялық қауіпсіздікті сақтай отырып жұмыс тиімділігін арттыру, машиналардың жұмыс жасау қабілеттілігін тексеру және т.б. туралы білім береді.
Индустриальды-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы тек кадрлардың санын ұлғайту немесе өнімнің өнімділігін арттыру үшін ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның экономикалық түбегейлі жақсарту үшін құрған болатын, ал бұл бағдарлама Қазақстанның өнеркәсіптік саясатының бір бөлігі және өңдеуші өнеркәсіптің дамуына, сондай-ақ тиімді салалық келтіруге бағытталған, яғни қазіргі таңда еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қорғау және нарықта отандық өнімдердің жүруінің нақты әдісін техникалық келтіру болып табылады. Техникалық келтіру технологияға қойылатын техникалық талаптардың деңгейін орнатады және индустрия үшін техникалық шешімдерді таңдауда бағыттау қызметін атқарады.
Оқудың артықшылығы:
Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандығы бойынша магистратураға кадрларды дайындау кәсіптік бағыт және ғылыми және педагогикалық бағытта жүзеге асырылады.
Ғылыми және педагогикалық бағыттағы магистратураның екі жылдық оқу бағдарламасын меңгерген және магистратуралық диссертацияны қорғаған тұлғаға «Техникалық ғылым магистрі» дәрежесі беріледі.
Кәсіптік бағыттағы магистратураның 1,5 жылдық оқу бағдарламасын меңгерген және магистратуралық диссертацияны қорғаған тұлғаға «Техника және технология магистрі» дәрежесі беріледі.
Мамандық аясындағы магистранттардың мүмкіндіктері:
Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандығы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын, кәсіптік білімдерін жетілдіру мақсатында «Машина жасаушылар» үйірмесі жұмыс жасайды.
Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру үшін академиялық ұтқырлық бойынша магистранттарға «Проф д-р Асен Златаров» университетімен келісім шартқа сәйкес Болгария мемлекетіне жарты жылдық мерзімде білім алуға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар, магистранттар келісім шарт бойынша Грузия мемлекетінде Акакия Церетели атындағы мемлекеттік университетінде тәжірибелік жұмыстарды өтуге, ғылыми тағылымдамаларды орындауға мүмкіндіктері бар. Магистранттар факультет кеңесінің құрамына мүше болып, факультеттегі үрдіспен тығыз араласып отырады.
«Технологиялық машиналар мен жабдықтар» мамандығын бітірген магистранттардың қабілеттері:
• ғылыми-зерттеулік қызмет (ғылыми зерттеулерді жүргізу, берілгендерді жинау және талдау, ғылыми мақалаларды, ірі ғылыми зерттеулердің бөлімдерін жазу);
• өндірістік (жобалауға тапасырманы құрастыруды қоса жобалы және машина жасауда бұйымды өндіруде инновациялық технологияларды жобалау және олардың технологиялық жабдықтауының қаржысы; ірі бөлімшелер қызметін басқаруды қоса, басқарушы).
Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандары келесі компанияларда қызмет атқара алады:
– машина жасау зауыттары;
– мұнай-газ өнеркәсіп кәсіпорындары;
– ғылыми-зерттеу және жобалау институттары;
– отандық және шетелдік ірі мұнай және газ компаниялары;
– ғылыми зерттеу институттары;
– ғылыми-өндірістік орталықтар:
– құрлықта және теңізде мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау компаниялары;
– мұнай-газ тасымалдау және сақтау компаниялары;
– мемлекеттік мекемелер және т.б.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 6М072400
Академиялық дәрежесі:
Профильдік бағыт бойынша: Техника және технология магистрі
Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша: Техникалық ғылым магистрі

Оқу түрі: Күндізгі

Оқу ақысы:

396 000 теңге / 1 оқу жылына

Университетте алған білім негізінде, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, инновациялық және әлеуметтік жоба ұсынып, түрлі олимпиадалық жарыстарға қатысып, білімімді терең шыңдап және жетістіктерге жетуіме мүмкіндік берді


Жакен Аманқос

Осы білім ордасында оқу барысында Enactus байқауында команданың мүшесі болуыма, университет ішіндегі ағылшын тілі курстары білімімді шыңдауға көп көмегін берді. Жоғарғы оқу орынында студенттік парламенттің мүшесі атануыма, көптеген іс-шараларға қатысып жетістіктерге жетуіме жол ашты

Еріш Бағлан

Сұрағыңыз болса: