Теңіз техникасы және технологиялары

Мамандықтың сипаттамасы:
Теңіз техникасы және технологиялары мамандығы бүгінгі таңда аса танымал мамандықтардың қатарына жатады. Теңіз техникасы және технологиялары мамандығы теңіз порттарында және кез келген кеме жүргізу саладағы компанияларда және ұйымдарына теңіз мамандарын дайындау бойынша білім береді.
«Теңіз техникасы және технологиялары» мамандығының экспериментік білім беру бағдарламасы теңіз технологиялары саласында білімді, білікті мамандарды терең теориялық және практикалық даярлауға бағытталған және төрт бағытта іске асырылады: «Кемежүргізу», «Кеменің энергетикалық қондырғыларын пайдалану», «Кемедегі электрлік жабдықтарын және автоматтандырылган жабдықтарын пайдалану» және «Порттардың және көлік терминалдарының тиеп-түсіру жабдықтарын пайдалану».
Білім беру бағдарламасы жұмысберушілердің ұсыныстары негізінде жасалған.
«Теңіз техникасы және технологиялары» мамандығының экспериментік білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оны теңіз көлігі саласында кадрларды дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасының стратегиялық дамуының көрінісі, миссиясы мен стратегиялық жоспарына сәйкес жетілдіру, логистика және адами ресурстарды басқару, еңбек нарығы сұрауларына бағытталған жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікті басқару үшін ақпараттық технологияларды қалыптастыру.
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
«Теңіз техникасы және технологиялары» мамандығы аясында студенттер екі дипломды білім алу бағдарламалары бойынша басқа шет елдердегі теңіз университеттерінде оқып екі диплом алуына мүмкідіктері болады.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру нәтижесі – студенттердің олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және де басқа да ғылыми іс шараларға қатысуы және де көп жеңіпаз студенттердің санын арттыруына әкелді.
Теңіз техникасы және мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
Студенттер бес жылдың ішінде ең бастысы – «Теңіз техникасы және технологиялары бойынша Халықаралық деңгейде толық білім алады. Теңіз техникасы және технологиялары маманы дипломын алумен бірге Халықаралық Қонвенциялық курстардан өтіп қосымша теңіз мамандарына қәжетті теңізде жұмыс жасау үшін қәжетті сертификаттарын диломымен қоса алады.
-өндірістік-технологиялық: кеме-энергетикалық қондырғыларын және қосалқы механизмдерді пайдалану, жөндеу және реттеу, кеме жөндеу кәсіпорнының өндірістік-технологиялық процесін қамтамасыз ету;
-жобалық: кеме-энергетикалық қондырғыларын жобалаудың барлық сатыларында оңтайлы шешімдерді таңдауды игеру;
-ғылыми зерттеулер: теңіз және жерүсті техникалары мен технологиялары, кеме электр станциялары мен жабдықтар саласындағы перспективті бағыттарды дамыту;
– кеменің энергетикалық қондырғыларын және оларды модельдеудің қазіргі заманғы әдістерін қолданумен жұмыс режимдерін зерттеу;
– ұйымдастыру – басқару: бөлімшелер мен кәсіпорындардың қызметін ұйымдастыру: пайдалану және жобалау міндеттерін орындау, кеме-энергетикалық қондырғылар мен жабдықтарды пайдалану, пайдалану міндеттеріне техникалық дайындықты қамтамасыз ету және навигацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар жобалау мен зерттеушілер институттарында және конструкторлық бюроларда, ғылыми-зерттеу институттары мен бөлімшелерде жұмыс істей алады.

Техника және технологиялары бойынша маманы келесі компанияларда қызмет атқара алады:
– «Халықаралық Актау теңіз сауда порты» АҚ ҰК
– Құрық, Баутина және кез келген теңіз порттарында
Caspian Offshore Construction
– АҚ «НМСК «Казмортрансфлот»;
– ЖШС «КАСПИАН ОФШОР КОНСТРАКШН»;
– ЖШС «OMS SHIPPING»;
– LTD Вагенборг Казахстан ;
– BUE KAZAKHSTAN;
– ЖШС «Kazakhstan Caspian Offshore Industries».
– жобалау – конструкторлық;
– конструкторлық-технологиялық;
– ұйымдастыру-басқарушылық;
– ғылыми-зерттеу;
– өндірістік-технологиялық;
– техникалық-пайдалану мекемелерінде және т.б.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 5B071500
Академиялық дәрежесі: Теңіз техникасы және технологиялары мамандығы бойынша техника және технология бакалавры
Таңдау пәні: Физика
Профильдік пәні: Математика
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 5 жыл
Оқу ақысы:
346 600 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Кемелердің құрылысы және кеменің өміршеңдігі үшін күрес теориясы
Профильдік пәні:
Кеменің энергетикалық қондырғылары
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Жасампаз еңбек, татулық пен келісім, халық бірлігі, Отан үшін мақтаныш ете біліп, Республикалық жастар форумында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен кездесуде болдым

Тореханов Нуржами

Білім де, өнер де, түрліқабілеттерсынғасалынып, жастарөз-өзіншыңдайтүсетінісөзсіз. Оның дәлелі «Жыл студенті-2015» байқауында «Үздік студенттік бизнес жоба» номинациясын жеңіп алдым

Шоқанов Бекжан

Сұрағыңыз болса: