Теңіз техникасы және технологиялары

Мамандықтың сипаттамасы:
Теңіз техникасы және технологиялары мамандығы бүгінгі таңда аса танымал мамандықтардың қатарына жатады. Теңіз техникасы және технологиялары мамандығының білім беру бағдарламасы теңіз технологиялары саласында білімді, білікті мамандарды терең теориялық және практикалық даярлауға бағытталған және 2 бағытта іске асырылады: профильдік және ғылыми педагогикалық.
Кәсиби бағыт бойынша теңіз техникасы және технологиялары мамандығын бітірген түлектер теңіз порттарында және кез келген кеме жүргізу саладағы компанияларда және ұйымдарында қызмет ете алады. Кемежүргізу, кеменің энергетикалық қондырғыларын пайдалану, региональдық және мемлекеттік теңіз және өзен порттарында басқару органдарында қызмет ете алады.
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша бітірген түлектер Транспорт және коммуникациялар саласы бойынша мемлекеттік басқару органдарында, жоғары және орта арнайы білім бруші оку орындарында, ғылыми-жобалау институттарында, Транспорттық бюролар, фирмалар және әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес транспорттық мекемелерде жұмыс жасай алады.
Білім беру бағдарламасы жұмыс берушілердің ұсыныстары негізінде жасалған.
Теңіз техникасы және технологиялары мамандығының білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оны теңіз көлігі саласында кадрларды дамытуға бағытталған Қазақстан Республикасының стратегиялық дамуының көрінісі, миссиясы мен стратегиялық жоспарына сәйкес жетілдіру, логистика және адами ресурстарды басқару, еңбек нарығы сұрауларына бағытталған жалпы мәдени және кәсіби құзыреттілікті басқару үшін ақпараттық технологияларды қалыптастыру.
Мамандық аясындағы магистранттардың мүмкіндіктері:
Теңіз техникасы және технологиялары мамандығы аясында магистранттар екі дипломды білім алу бағдарламалары бойынша басқа шет елдердегі теңіз университеттерінде оқып екі диплом алуына мүмкідіктері болады.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру нәтижесі – студенттердің олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және де басқа да ғылыми іс шараларға қатысуы және де көп жеңімпаз студенттердің санын арттыруына әкелді.
Теңіз техникасы және технологиялары мамандығын бітірген магистранттардың қабілеттері:
Магистранттар ең бастысы – «Теңіз техникасы және технологиялары бойынша Халықаралық деңгейде толық білім алады. Теңіз техникасы және технологиялары маманы дипломын алумен бірге Халықаралық Қонвенциялық курстардан өтіп қосымша теңіз мамандарына қәжетті теңізде жұмыс жасау үшін қәжетті сертификаттарын диломымен қоса алады.
-өндірістік-технологиялық: кеме-энергетикалық қондырғыларын және қосалқы механизмдерді пайдалану, жөндеу және реттеу, кеме жөндеу кәсіпорнының өндірістік-технологиялық процесін қамтамасыз ету;
-жобалық: кеме-энергетикалық қондырғыларын жобалаудың барлық сатыларында оңтайлы шешімдерді таңдауды игеру;
-ғылыми зерттеулер: теңіз және жерүсті техникалары мен технологиялары, кеме электр станциялары мен жабдықтар саласындағы перспективті бағыттарды дамыту;
Кеменің энергетикалық қондырғыларын және оларды модельдеудің қазіргі заманғы әдістерін қолданумен жұмыс режимдерін зерттеу;
– ұйымдастыру – басқару: бөлімшелер мен кәсіпорындардың қызметін ұйымдастыру: пайдалану және жобалау міндеттерін орындау, кеме-энергетикалық қондырғылар мен жабдықтарды пайдалану, пайдалану міндеттеріне техникалық дайындықты қамтамасыз ету және навигацияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Сонымен қатар жобалау мен зерттеушілер институттарында және конструкторлық бюроларда, ғылыми-зерттеу институттары мен бөлімшелерде жұмыс істей алады.
Техника және технологиялары бойынша магистрі келесі компанияларда қызмет атқара алады:
– «Халықаралық Актау теңіз сауда порты» АҚ ҰК
– Құрық, Баутина және кез келген теңіз порттарында
Caspian Offshore Construction
– АҚ «НМСК «Казмортрансфлот»;
– ЖШС «КАСПИАН ОФШОР КОНСТРАКШН»;
– ЖШС «OMS SHIPPING»;
– LTD Вагенборг Казахстан ;
– BUE KAZAKHSTAN;
– ЖШС «Kazakhstan Caspian Offshore Industries».
– жобалау – конструкторлық;
– конструкторлық-технологиялық;
– ұйымдастыру-басқарушылық;
– ғылыми-зерттеу;
– өндірістік-технологиялық;
– техникалық-пайдалану мекемелерінде және т.б.
– жоғары және арнайы теңіз мамандарын дайындайтын оқу орындарында.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 6М071500
Академиялық дәрежесі:
Профильдік бағыт бойынша: Техника және технология магистрі
Ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша: Техника және технология ғылымдарының магистрі

Оқу түрі: Күндізгі

Оқу ақысы:

396 000 тг/ 1 оқу жылына

Мен Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетінде , 6М071500-Теңіз техникасы және технологиялары мамандығының магистратурасында оқимын. Оқыған жылдары теңіз мамандығына байланысты әртүрлі ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстым. Теңіз техникасы және технологиялар мамандығының магистрлік дәрежесін алғаннан кейін, Халықаралық Ақтау теңіз портында жұмыс жасауға мүмкіндігім бар.

Жанадилова Аймгуль

Мен Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетінде , 6М071500 - Теңіз техникасы және технологиялары мамандығының магистратурасында оқимын. Новороссийск қаласы, Ф. Ф. Ушаков атындағы Мемлекеттік теңіз университетінде білктілігімді арттыру бойынша Кемедегі вахталық механиктері дайындау курсынан өтіп, Халықаралық дәрежелегі сертификат алдым. Теңіз техникасы және технологиялар мамандығының магистрлік дәрежесін алғаннан кейін, Теңіз саласындағы компанияларда жұмыс жасауға мүмкіндігім бар.

Бекенов Нуркен

Сұрағыңыз болса: