Тасымалдауды, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану

Мамандықтың сипаттамасы:
Жалпы білім берудің мақсаттары
Кәсіби іс-әрекеттің сферасы – көлікте қозғалысты ұйымдастырумен, көлік құралдарының қозғалысын жобалау және модельдеумен, қазіргі заманғы маркетинг пен менеджмент негізінде жұмысты пайдалануды ұйымдастыру заңнамалары және процестерін зерттеумен байланысты кешенді міндеттерді шешуге бағытталған адами іс-әрекеттің әдістері мен тәсілдері, құралдары жиынтығынан тұратын материалдық өндіріс; логистикалық принциптер негізінде көлік түрлерінің өзара байланысы және тасымалдау процестерін, сонымен қатар, нарықтық экономика жағдайында көлікті пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған зерттеу іс-әрекеттерін жетілдіру.
Жалпы білім берудің міндеті
Көлікте логистикалық жүйені басқаруды жетілдіру бойынша шараларды әзірлеу; өндірістік процестерді жүзеге асыру үшін көлік техникасын, оның жабдықтарын және басқа да құралдарды таңдау, тиімді қолдану; көліктік міндеттерді шешу, жобалау мақсаттарын және мақсатқа жету көрсеткіштері мен критерийлерін, құрылымның өзара байланыстарын құру; маркетинг пен менеджменттің қазіргі заманғы әдістерін қолдану негізінде почта, жол жүгі, жүк және жолаушыларды жеткізудің түрлі көліктік-технологиялық жүйелерін ұйымдастыру, оны тиімді жүзеге асыру.
«Техника және технологиялар бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.
Мамандық аясындағы студенттердің мүмкіндіктері:
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру нәтижесі – студенттердің олимпиадаларға, конкурстарға, конференцияларға және де басқа да ғылыми іс шараларға қатысуы және де көп жеңіпаз студенттердің санын арттыруына әкелді.
Тасымалдауды, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандығын бітірген студенттердің қабілеттері:
Білімі
Тасымалдауды, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандығы білім бакалавры жалпы орта білім оқулықтарына негізделген, бірақ озық бағыт білімдерінен құралған кейбір аспектілерден тұратын күрделі типті мәдени пәндерді білу және түсіну; Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастырумен байланысты жалпы инженерлік пен кәсіби пәндерді білу және түсіну қажет.
Өздік білім алуға қажетті көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыруды есептеу мен қолдана алу дағдыларын қалыптастыру.
Тасымалдауды, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандығы есептеу мен қолдануда кәсіби тұрғыдан жақындауды көрсететін өзінің түсініктері мен білімдерін пайдалана алу; дәлелдер келтіре алу дағдысын көрсететін біліктіліктерді игеру, сонымен қатар, көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру саласында міндеттерді шеше алу.
Біліктілігі
Әлеуметтік, ғылыми және этикалық пікірлерден тұратын көзқарасты қалыптастыру үшін көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыруды қолдану саласында қажетті деректерді жинастыра алу және түсіндіре білу.
Құзыреттілігі
Тасымалдауды, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану бойынша дәрісхана мамандары мен басқа біреулерге ақпараттарды, идеяларды, проблемалар мен шешімдерді айтуға қабілетті болу керек.

Тасымалдауды, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану маманы келесі компанияларда қызмет атқара алады:
– «Қазахстан Темір Жолы» АҚ
– «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
– «OCC» ЖШС
– «ОТК» ЖШС
– Барлық транспорттық мекемелерде
– жобалау – конструкторлық;
– конструкторлық-технологиялық;
– ұйымдастыру-басқарушылық;
– ғылыми-зерттеу;
– өндірістік-технологиялық;
– техникалық-пайдалану мекемелерінде және т.б.

Онлайн құжат тапсыру

Қысқа мәлімет

Мамандық шифры: 5В090100
Академиялық дәрежесі: Тасымалдауды, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандығы бойынша қызмет көрсету саласындағы бакалавры
Таңдау пәні: География
Профильдік пәні: Математика
Оқу түрі және мерзімі: Күндізгі – 4 жыл
Оқу ақысы:
346 600 теңге / 1 оқу жылына

Орта кәсіптік білімнің негізінде
(Қашықтықтан оқыту)
Жалпы профильдік пәні:
Физика
Профильдік пәні:
Еңбекті қорғау
Оқу мерзімі: 3 жыл
Оқу ақысы:
175 000 теңге / 1 оқу жылына

Университеттен терең білім алу, қоғамдық шараларға белсене араласудың бірден бір ықпалы Астана қаласында өткен «Әлемді өзгерткен идеялар» атты семинар-тренингке қатысып, жақсы жетістіктерге жетуіме үлкен жол ашты

Сабиров Мурат

Университетімізден өз мамандығымыздың шыңына жетер білім алып жатырғаныма қуанамын және қоғамдық шаралар ұйымдастырумен қатар, оқу озаты болып жүрмін. Соның нәтижесінде Астана қаласында «Мәңгілік ел» атты семинар-тренингке қатысып келдім

Андирова Айгерім

Сұрағыңыз болса: